Өлең, жыр, ақындар

Самарқан

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 492
(2500 жылдығына)

Ордасы бүкіл Орта Азияның
Қордасы нелер қымбат қазынаның,
Тоттанбас сап-алтындай Самарқанды,
Жеткізді коммунизм жазына кім?
Ол — жеңімпаз лениндік Компартия
Қалтқысыз бар еңбекші ерді артына,
Қорына коммунизм мол үлесін,
Қосып жүр өзбектің ер халқы да.
Бағынған замандарда тәж бен таққа
Қастасқан бірін-бірі санап жатқа,
Тек советтік дәуірде басын қосып,
Бар еңбекші жасайды ынтымақты.
Өзбек өз бауырым, туған ағам,
Бар қайғы-қуанышың ортақ маған,
Жыласа, яки күлсе бірге болған,
Бойына сан ғасырлар ата-бабам.
Ортақ боп жеңістерде бар үлеске
Қалсын деп ұрпақтарға мәңгі есте.
Шар-дарды78 Самарқанда салып кеткен,
Менің бір қазақ атам Жалаңтөсте.
Бірге есіп, біте қайнап содан бері,
Арамыз айрылған жоқ екі елі.
Майданда қан, еңбекте төгіп келді
Біздің ата-бабалар бірге терді.
Самарқан болып талай жермен-жексен,
Боратып топырағын дауыл ескен
О, ғажап, сол мекенді қазір көрсең,
Сән түзеп салтанатпен қалай өскен!..
Тігілген қаздай қатар зәулім үйлер,
Ойналып іште, тыста тәтті күйлер.
Жүзімдей сорып жұтар сұлу қыздар
Бұралып жігіттер мен әсем билер.
Бұл қыздар бұрынғы өткен апаларын,
Олардың қайғы-қасірет, қапаларын
Есіне ала қалса, көрер еді
Сол кезде қандай торға маталарын.
Міне, енді фәрәнжіні отқа жағып,
Қоғамнан өзі өркендер орын алып
Сан-алуан - тіршіліктің тармағында
Істерді нелер ғажап жүр басқарып.
Көбейіп Ибн Сина, Ұлықбектер
Әр ұлттан талай қыздар, сан жігіттер
Ғажайып жетістікке ие болды
Бәрі-дағы білімді, бәрі өжеттер.
Бәрінде коммунистік бір-ақ ұран,
Алысты болжайтұғын бәрі қыран,
Ғасырдың жиырманшы Навоиі
Боп туды марқұм досым — Ғафур Гулям.
Оны да кеп өнерпаз шәкірттері,
Ендеше, Навоидей Ғафур тірі.
Советтік ен тұрмыста әлі талай
Ұл-қыздар алдымызда туады ірі.
О, совет, өркендей бер, ұзақ жаса!
Жасай бер, игілікті, сан тамаша!
Біз қуана берейік бау-бақшаңда
Ойнаған серуендеп жас балаша.

25. X. 1970.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер айналған жалауым

  • 0
  • 0

Жауын жауып, жиектен бұлт түрілсе,
Құлпырып мың, бақтың балғын гүлінше,—
«Кемпірқосақ» аспан, жерді қосақтап,
Жер аспанның лентасына ілінсе.

Толық

Сәбидің өліміне

  • 0
  • 0

Дейтін де «бала адамның бауыр еті»,
Бауырымның жарылғандай болып еті,
Барады өртеніп іш!.. Неткен жара!..
Жазуға келер кімнің құдіреті?!

Толық

Алматының көшесі

  • 0
  • 0

Кей қалада, мысалы, Көкшетауда,
Тыныстауға, егер де, шықсаң тысқа:
Барар ең алаңдағы еккен бауға,
Ағашы әрі сирек, әрі қысқа.

Толық

Қарап көріңіз