Өлең, жыр, ақындар

Қай күні менің тәмамдалады дастаным?

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 2
  • 16518
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Бітпесе екен, жаңадан ғана бастадым.
Биіктей берсін, биіктей берсін,өкінбен,
Мұнартып тұрған иындарым менен
Сапарға сапар жалғана берсе екен деп,
Жалынам күнде,жазмышқа тағзым етем көп.
Адасу болар,таласу болар өмірде,
Жүрсем болғаны Ата жерімді мекендеп.
Атақ-даңқтыңкерегі маған шамалы.
Қалады досым,қалады, бәрі қалады...
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Уақыт өтіп,уақыт өтіп барады.
Өлімнен қорқам,кете жаздаймын жынданып.
Өмір бар жердеөлім деген бір жүр қауіп.
Ажалды қойшы,байқатпай соғар ұрланып,
Алдына оның жүрміз ғой күнде мың барып.
Өлімнен өткен ақиқат сірә болған ба?
Тағына келіп қойғанда,
Жалтартпас соты болғанда,
Жазалаушы да,
Жолай алмайды ол маңға,
Жақтаушы тіптен жолай алмайды,
Ол маңға.
Үкімі оның арыздануға жатпайды,
Мәңгі құлпыда,мәңгілік мөрін сақтайды.
Дәуірлердің де, ғасырлардың да - бәрінің,
Ақиқат-өлім белінен бір-ақ аттайды.
Ажалды қойшы, алдына оның мың барып,
Мың кетіп жүрміз сұранып, кейде ұрланып.
Өлімнен қорқам, кезегі бір күн келер деп,
Асықпай, саспай,
Алдымды менің тұр бағып...



Пікірлер (2)

Алтынай 05

Мұқағали керемет ақын .Алда Мұғағали ағамыздың туылған күні келе жатыр

Нұлан

Мұқағали Мақатаевтың Қай күні менің тәмамдалады дастаным? өлеңі маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақ

  • 1
  • 5

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.

Толық

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

  • 1
  • 6

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
Су тартылған теңізден, жылғалардан,
Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,
He бар дейсің, өмірге тұлға болған

Толық

Жасыма, көңіл!

  • 0
  • 5

Жасыма, көңіл, жасыма!
Бақытқа басың кенелер!
Серік боп қиял қасыңа,
Жүлде алып, жүйткіп жөнелер!

Толық

Қарап көріңіз