Өлең, жыр, ақындар

Естігім кеп даусыңды

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1201
Естігім кеп даусыңды,
Көктемде күн күлгенде.
Төзім менде таусылды,
Қайың оны білген бе?
Терезеге телмірдім,
Сені сонша сағынып.
Бұл күйімді жел білді,
Тағдырға ол да бағынып.
Көңілсіз гүл көшелер,
Жыр оқиын, естісін.
Барлығын да кешер ем,
Келсең бүгін кешкісін...
Күтіп күзде шаршадым,
Жапырақ боп бар маңым.
Өткен күндер бал сағым,
Қайдасың сен, арманым?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл қала еді

  • 0
  • 0

Гүл қала еді.
Атанды күзгі қала.
Сағынатын сазымен сізді ғана,
Менсінбейді бұл қала жырларымды

Толық

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?

  • 0
  • 0

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?
Кім кінәлі махаббатқа кешіккен?!
Отырғанда сен біреуді аймалап,
Күткеніме көзімді алмай есіктен.

Толық

Сен ұмытқан шақтарда

  • 0
  • 0

Сен ұмытқан шақтарда
Сағынышты күн кешкем.
Жалғыз қалып бақтарда
Мұңмен ғана үндескем.

Толық

Қарап көріңіз