Өлең, жыр, ақындар

Қара шыбын мен ара

  • 04.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2144
(1825 ж.)

Бақшада, көктемгі ескен самал желде
Отырып, қара шыбын бір көдеде,
Масайрап жайғасты да кезін салды,
Жабысқан бір араға қызыл гүлде.
Деді оған «Шаршамайсың қалайша сен,
Таң атып кеш батқанша күніменен
Ызылдап әуре боп жүрмес едім,
Егерде шынайында сен болсам мен.
Мінеки, жағдайымды алшы менің
Бір ұжмақ барған жердің бәрі тегін.
Жалғыз-ақ аралайтын аз шаруам бар.
Қоналқа, қыз ойнақтың бар жерлерін.
Көпіріп етпесем де мен мақтаныш
Бай, кедей қаладағы маған таныс.
Той тойлап жүргенімді көрер ме едің,
Еркіммен сол үйлерде салып жарыс.
Құдалық тойларында ауқатты үйдің
Онда мен, ең әуелі, тақуамын.
Сонан соң жайнап тұрған дәмдерді жеп,
Вино ішіп қонақтардан барып бұрын.
Ойлаған тәтті астарды аламын да,
Сыпайы сыңсып әнге саламын да.
Айналып жас сұлуды ұшып жүріп,
Дем алуға қонамын барамын да.
Қонамын қаны тамған ақша бетке,
Ақ қардай мойны мен тамағына».
«Бәрін білем, — деп ара жауап берді.
Былай деген естіп ем мен сөздерді
Жүрегі айнып бәрі де тыжырынып,
Тойларда тек жек көрген шыбын сені
Ұялтып ылғи сені үйден қуған», —
Дегенде шыбын тұрып сөйлеп жылдам:
«Терезенің бірінен қуса егер,
Кірем барып, — деді ол, — басқасынан».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көсем сөзін тыңдаймыз

  • 0
  • 0

Аға! Аға! Алақай!
Бабам менің сөйледі,
Деп қуанар Фәридім
Әндетеді, билейді.

Толық

Атам жатыр мавзолейде

  • 0
  • 0

Атам жатыр мавзолейде,
Мавзолейдің төрінде,
Мәңгі ұйқыда жатыр Ленин,
Нұрын сеуіп өмірге.

Толық

Жүріп келе жатырмын

  • 0
  • 5

Жыл жарым болып барады.
Шыққаныма шығыстан,
Қоштасқалы бас иіп
Алатаумен туысқан.

Толық

Қарап көріңіз