Өлең, жыр, ақындар

Абылай

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3350
О, Абылай, Абылай,
Алатаудай асқақым.
Көгімдегі аспаным.
Күнде айтар басты әнім.
Мәңгі жырлар дастаным.
Сен-деп, соққан жас жаным.
Сен қазақтың күнісің,
Өшпес мәңгі үнісің
Азаттықтың жолында,
Ұран салған ел үшін.
Қарасып жаспен қартыңа,
Сөзіңді салып талқыға.
Бостандық туын көтеріп,
Ерлікті аңсап шарқ ұра.
Таптатпай елдің намысын,
Жолатпай дұшпан тағысын.
Жекпе-жекте жоқ қылдың,
Шарыштай бөрі арысын.
Зобалаң салып сеңді өрген,
Алысып төнген селменен.
Кешумен небір сергелдең,
Қаншама азап кешсеңде,
Бір болып туған еліңмен.
ртеңгі қамын ойлаумен,
Ізгілік,ерлік дәнімен,
Ел тынысын кеңейтіп,
От деміңмен салдың дем!
Басын қосып күш сақтап,
Екі жақтан қыспақтап.
Ұмтылса да қалың жау,
Шегінбедің жан сақтап.
Жолбарыстай жаралы,
Мұңды кешіп қаралы,
Ең соңғы дем біткенше,
Қорғай білдің даламды.
Таудан аққан ағындай,
Алаулаған жалындай.
Қара бұлтты қақ жарып,
Атылдың жайдың оғындай!
Айналдырып пақырға,
Сүйегін шашып тақырға.
Ата-жауды жоқ қылған,
Борыштымыз жан баба,
Өзіңдей ұлы батырға!
Ерліктің айтып тізбегін,
Ой тартқан соң іздерің.
Бас июге Рухыңа,
Ниетімді арнап жүз келдім.
Көк байрағың желбіреп,
Ел үшін жаның елжіреп,
Түркстаннан дауыстап,
Ой саласың күмбірлеп!
Кең даламның киесі,
Даналықтың иесі.
Кең Жылойдан келген ұлың ем,
Әруағыңмен өзің демеші!
Шуағымсың таңымдай,
Ар туымсың жанымдай.
Өр рухыңа сиындым,
О, АБЫЛАЙ, АБЫЛАЙ!
Қайнарымның көзін аш,
Келер ұрпақ серпілсін,
Ата жолдан жаңылмай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әжібай әулие баба үні

  • 0
  • 0

Кел, кел балам жақында бермен қарай,
Күтудемін өзіңді төзім қалмай.
От кеудеме ой салып сағынышпен,
Ақ босаға-Кең Жылыой алтын арай.

Толық

Дауылпаз жырау Сүгірім

  • 0
  • 1

Ақ нұрына орап күн - айдың,
Өзі арнап берген Құдайдың.
Дауылпаз жырау Сүгірім,
Бұлағындай мөлдір қайнардың,

Толық

Туған жер жас жанымда жалындап ой

  • 0
  • 0

Туған жер жас жанымда жалындап ой,
Мен сені аңсап келдім сағындым ғой.
Өзіңде тәй-тәй бастым сенде ағайын,
Атыңнан Кең Жылойым айналайын.

Толық

Қарап көріңіз