Өлең, жыр, ақындар

Әлиханы Алаштың

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3606
Бостандық пен Туысқандық, Теңдік деп,
Адамзаттың ойын жырмен өрнектеп.
Асқар тауым тірек болдың еліңе,
Зар заманда қу түнектен жетектеп!
Ой ақтарып ой кеудеңнен сыр саңдық,
Жол көрсетіп болашаққа із салып.
Алашорда, Қазақ үйім іргесін,
Қалап бердің ошағына от жағып!
Көтердің де еркіндіктің жалауын,
Талқандауға құлдық құрсау бұғауын.
Отаршылға күрес аштың жасқанбай,
Бабалардың қолына ұстап алауын.
Кешсең дағы қияметін азаптың,
Бар тілегің басын қосу қазақтың.
Ақ жолында дем біткенше тынбадың,
Отын кешіп қызыл құйын тозақтың!
Әр жүректі бөлей білген сезімге,
Ұлылықтың үні жатты сөзінде.
Арыныңнан жазбай алға тарттың сен,
Асыл мұрат артқасын ел өзіңе.
Көсегесін көгертем –деп, халқыңның,
Көптің қамын ойлауменен алқындың.
Алаш, Алаш шақырғаның бірлікке,
Бабалардан жеткен асыл алтыным!
Жету үшін ел аңсаған ақ таңға,
Қайыспадың мұз жастанып жатсаң да.
Сәуле төктің табандылық танытып,
Көмілмеске қасіретті от шаңға.
Мен өзіңе қалай ұқсап тартпаспын,
Бойда қаның жарқылдаған алмасым.
Ән ұраным орындалса сен бірге,
Тіл қатасың Әлиханы Алаштың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылпаз жырау Сүгірім

  • 0
  • 1

Ақ нұрына орап күн - айдың,
Өзі арнап берген Құдайдың.
Дауылпаз жырау Сүгірім,
Бұлағындай мөлдір қайнардың,

Толық

Көтібар батыр үні

  • 0
  • 0

Бодандықтың бұйдасына шаталып,
Көрдік ұлым адам көрмес қаталдық.
Өшпесін-деп, дінің,тілің ай-күнің,
Мәңгі майдан күресіне атандық!

Толық

Соғыстың алғашқы күні

  • 0
  • 0

Таң жаңа қылаңытқан мезгіл еді,
Сағат төрт – жау сұмдығын сездіргені.
Ұйқыда тыныш жатқан заставаны,
Зеңбірек оғыменен езгіледі.

Толық

Қарап көріңіз