Өлең, жыр, ақындар

Халел Досмұхамедұлы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1170
Туған елдің босағасын от шалып,
Арыстармен даналарым тапталып.
Түрмелерде күйзелгенде аштықтын
Намыс ардан үндеу салып көпке анық,
Исатай мен Махамбеттің жырларын,
Тарту қылдың теңіздердей ақтарып!
Бар Алашым жету үшін теңдікке,
Сен шақырдың бірлікпенен елдікке.
Тәңір сыйы әділдікті жыр қылып,
Қанат беріп самғау үшін кеңдікке.
Мұрат ақын жырларынан ой тастап,
Мәңгі өлмейтін жасампаздық ерлікке!
Өз жұртыңның қамын ойлап сезіммен,
Тілім-жаным, дінім-нұрым дедің сен.
Тілім өлсе, елімнің де өлгені
Қанды жасым аққаны ғой көзімнің.
Бас көтермей әділдіктің жолында,
Құмға айналған көнбестіктің жүзімен,
Отансыз жан кімге қажет сірәда,
Дербестігі болмаған соң өзінің.
Баққан дұшпан бетке перде байлаған,
Алаш жұртын құрту қамын ойлаған,
Даласының байлығына қызығып,
Мысы құрып азу тісін қайраған.
Бар ойыңды ұрпағыңнан жасырып,
Жанын ұрлап ләззат алған айладан.
Әл жетпесін білгеннен соң өзіңе,
Абақтыға оралмасқа айдаған!
Зұлымдықтан басқа әсте жол жоқтай,
Қойғанымен нар халқыңа жолатпай.
Алты Алашын ардақтаған азамат
Тіл қатасың өз үніңді жоғалтпай.
Таңданарлық ерлігіңмен жол сілтеп,
Алға бізді жетектеген бұлақтай!
Батырлық пен елдікті айтып жар салып,
Мәңгі өшпейтін алаулаған шырақтай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алаш ұраны

  • 0
  • 0

Біз қазақ жасампаз елі бар,
Ер Түрік тегінен таралған.
Алаш боп киелі ұраны,
Азаттық таңы үшін тау жарған.

Толық

Қызыл қала

  • 0
  • 0

Қызыл қала, қыз қала,
Шежіреге толы тағдырың.
Өзің жәйлі кең дала,
Тебіреніп айтты мұң.

Толық

Ұшқан әулие ата үні

  • 0
  • 0

Мұнайлының кесіп өткен үстінен,
Сенің үнің балам маған естілген.
Қош келіпсің сағындым ғой жақында,
Құлыншағым танып тұрмын исіңнен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар