Өлең, жыр, ақындар

Келешек иелеріне

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 887
Көтеруге ел сенімі мол жүкті,
Ұғындыңба азаматтық міндетті.
Болашаққа қандай жолды таңдадың,
Шырақ қылып кеудеңдегі жүректі,
Жырлай біліп ұлан байтақ далаңды,
Шарламаққа ғылым атты ғаламды.
Қандай мақсат қойып едің алдыңа,
Бұл тірлікте сарп етуге санаңды.
Ер жігітке талап болмай сән қайда,
Қырандайсың жаратылған самғауға.
Бойыңдағы жалын оты лаулаған,
Тасқын күшті жұмсамақсың сен қайда?
Айнымаған биік заңғар тау шыңнан,
Қорған болып туған елге бас ұрған.
Әзірмісің аманатын ақтауға,
Бабалардың саған сеніп тапсырған?
Ата жолы кие толы сыршыл бақ,
Рухсыз елге қайдан сірә қонсын бақ.
Қан жүгірткен тамырына халқыңның,
Қайнарыңнан алдыңба әбден сусындап?
Билігің жүр еліктеумен әр көшке,
Дайынбысың әділетсіздікпен күреске,
Намысыңды желбіретіп ту ғылып,
Серт бердіңбе ар алдында сөнбеске?
Алтын шамың жарқыратып дініңнің,
Құдыретін сезінумен тіліңнің
Қамал қылып талабыңды нұр ілген,
Шың құзына талпындыңба білімнің?
Имандықтан бастау алар сын нағыз,
Қандай күйде дүние таным санаңыз,
Таба алама ізгіліктің жалғасын,
Бабаларың ерлікпенен салған із?
Жат елдіктер үнін буып жасырған,
Тарихыңды қолға алдыңба жас ұлан.
Қазақ үнің қашан шығар өзіндік,
Кең әлемге даналығын асырған?
Айта біліп ақ тілегі ел сөзін,
Қорғай біліп ұлттық рух мүддесін,
Әзірмісің болмысыңды жоғалтпай,
Қаласуға сара жолдың іргесін?
Жауап күтем үмітпенен өзіңнен,
Көрмек болып ақиқаттың жүзінен,
Ұғындыңба Абай бабам жыр қылған,
Имангүлін жүректегі сезіммен?
Сыр қалмасын жасырынып қойныңда,
Қандай мақсат жатыр айтшы ойыңда,
Жыйнадыңба ақылменен сіңіріп,
Пайғамбардың өнегесін бойыңа?
Жетсем деумен даналықтың бағына,
Тек шындықты серік қылып жаңына,
Дидарына қарап күнде тамсанып,
Жол таптыңба бір Аллаһты тануға?
Жоғалтпастан инабаттық құныңды,
Тұлпар қылып уақыт досты ғұмырлы,
Талпындыңба игеруге қазірден,
Адамзаттың игілігі үшін ғылымды?
Жүрегімді елжіретіп жаз үнің,
Көргендеймін жүздеріңнен таң нұрын,
Жауап берші келешектің иесі,
Қолға ұстамақ ертең елдің тағдырын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жарас Мерген

  • 0
  • 0

Жасынан ерлікпенен болған жолдас,
Баласы Пұсырманның атың Жарас.
Нағашың Есек Мерген Адай ердей,
Ел қорғап айбыны асқан болат алмас.

Толық

Достықтың ұлы жеңісі

  • 0
  • 0

Қорғасын боран қап – қалың,
Құйындай дүлей бораған.
Қызыл от, жалын жан – жағың,
Сусылдап оқтар салады ән.

Толық

Балжігіттің киіз үйі

  • 0
  • 0

Кең әлемнен басын қосып бар қазақ,
Қуанғанда астанада той жасап.
Қонақтарға арнап сыйға тігілген,
Балжігіттің киіз үйі-ай бір ғажап.

Толық

Қарап көріңіз