Өлең, жыр, ақындар

Ауылға аттанарда

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1717
(Ә.Қайыровқа)

Шаһари шақтар шырай бермеді шабытқа,
Бет бұрдым талай белгісіз,бұлдыр бағытқа.
Бес қабат үйдің тар бөлмесіне таңылдым,
Сөнген сезімдей, қақшитқан қайың табытқа.

Тамұқтың,бейне, жаһаннамында «саялы»
Қамықтым кейде алақан таппай аялы,
Аттандым сосын сахара сары далама
«Бәледен қашқан Машайық құсып» баяғы...

Ақжарма дәурен бізден де сөйтіп алыстап,
Тарттым да кеттім Ақжайықты өрлеп, қарыштап.
Алқам да, салқам феодалша өмір сүрмекке,
Ауылға барып Аманқос құсап мал ұстап...

Бау-бақты кезсем бойыма болды күш өнер,
Шабытпен сосын өлеңге кірсем - іс өнер.
Шаршаған шақта «Шырақтың» шулы барында,
Әлеке, енді сыраңды менсіз іше бер...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке мен шеше

  • 0
  • 0

Жалғыз ұлды, боп кеткен астаналық,
Күте-күте барады, шаш та ағарып.
Күйбең тірлік кешеді кемпір мен шал,
Қазақы үйді баяғы баспана ғып.

Толық

Шайырдың шабытсыз шағы

  • 0
  • 0

Тағы да қаламыма сайтан сарып,
Бір өлең жаза алмадым сойқан салып.
Жеріген төсегінен жезөкшедей,
Келмеді бүгін тағы сайқал шабыт.

Толық

Неліктен көзіңе жас толады

  • 0
  • 0

Неліктен көзіңе жас толады,
Жан едің өнегелі.
Сеземін, қимайсың Астананы,
Қимайсың және мені...

Толық

Қарап көріңіз