Өлең, жыр, ақындар

Жастық жыры

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1087
Ей, өмір,
Сырыңа әлі-ақ қанығамын,
Өзіңнен бақыт қана танығаным,
Демеймін, қамығамын, жабығамын.
Жігерім-шар қайраққа жанығаным,
Ән бар болса жүректі дір еткізер,
Ол-менің әнім.
Менің әнім –
Дүние қорек қылған,
Жер-Ананы думанға бөлеп тұрған,
Таңғы шықтай мөлдіреп ерек тұнған.
Соным үшін жастық деп аялайды,
Соным үшін өзгеден ерек тұлғам.
Күтсін алдан ор қазған, тор қамаған,
Демен әсте қаймығып, «қорқам одан».
/Мақсаты жоқ түн кезіп жорта ма адам/.
Мың батпанын арманның арқалағам,
Соным үшін шарпысып от көздерден,
Менің тойым базары тарқамаған.
Дауысы сәл айқындау естілді ме,
Менің тойым жібермес ешкімді де –
Күмбір-күмбір күйіңді төгілдірмей,
Шай құйдырмай қыздарға көгілдірдей.
Мергенге оғын жүзіктен өткіздірмей,
Жүйріктерді көмбеге жеткіздірмей.
Ақын болса шырайлы жыр естірмей,
Палуанды алқада күрестірмей,
Сөйтіп бәрін сынақтан өткізіп ап,
Жеңімпазға бәйгені үлестірмей.
Менің тойым –
Осылай ән болады,
Қызықтырар, қызғантар сән болады.
Батырлық пен сұлулық таңдағаны,
Жігіт емес, бұл кезде жанбағаның.
Олай болса ей, өмір,
Жастық деген,
Дүниенің сөнбейтін Мәңгі Алауы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Он сегіздің от демі

  • 0
  • 0

Он сегіз мезгіл екен,
Арнадан тасып, толар.
Он сегіз мезгіл екен,
Өртене ғашық болар.

Толық

Тек қиялда...

  • 0
  • 0

Ұяң жігіт сүйсе өртеніп бір қызды,
Жәудір көзді,
Қолаң шашты,
Нұр жүзді.

Толық

Аппақ әлем

  • 0
  • 0

Аппақ әлем...
Айналамыз ақ бояу,
Ақ бояуда бізден өзге жоқтай-ау.
Қос жүректің кетті шаңын тазартып,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар