Өлең, жыр, ақындар

Тек қиялда...

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1081
Ұяң жігіт сүйсе өртеніп бір қызды,
Жәудір көзді,
Қолаң шашты,
Нұр жүзді.
«Әйелзатта одан сұлу жоқ»,– десе,
Теңесе оған аспандағы жұлдызды.
Жанарында жарқылдаған сыр тұнар,
Арманына аққу тектес ұмтылар.
Сол жас жігіт, сол сұлуға тек қана,
Ғашық болса аласұрып сыртынан.
Бір үмітпен жетелесе алға күн,
Бірақ қызға айта алмаса арманын.
Қармағына сәтін таппай түсірер,
Өкініштен шайнай берсе бармағын.
Тек қиялмен аймаласса, тілдессе,
Тек қиялда ұсынса оған гүл десте.
Тек қиялда көктөбеге бір шығып,
Тек қиялда жұлдыз санап күн кешсе.
Айтшы құрбым керек оның не істеуі,
Жөн –ақ болар,
Бұл жұмбақты шешкенің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдасай серінің әндерінен...

  • 0
  • 0

...Тым алыстан қарауытар тау мұнар,
Әлгі таудың етегінде сүйіктімнің ауылы бар.
Сол ауылға бұрғанымда ат басын,
Жапалақтап жауды қар.

Толық

Арал теңізіне ода

  • 0
  • 0

О, Арал теңізі!
Сақтап қалудың сені аман,
Іздеумен жолын мен алаң.
Қалайшы бұған көне алам,

Толық

Сырыңды аш ұлыңа

  • 0
  • 0

Мен де саған бөтен емес, бел бала,
Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.
Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi,
Шерқала!

Толық

Қарап көріңіз