Өлең, жыр, ақындар

Дала қасиеті

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 718
Дала,
Дала!
Неткен ыстық осы есім,
Бал бақыттың, думан тойдың көшесін,
Көргің келсе,
О шеті мен бұ шетін,
Тауларды асып, теңіздерді кешесің.
Дала,
Дала!
Шахталар мен заводттар,
Құс жолындай шоғырланған сан оттар.
Зіркілдеген ауыр- ауыр составтар,
Дәуір жүгін алға сүйреп баратқан.
Дала,
Дала!
Желбіреген көп тулар,
Жігіт-қызы арман қуған, бақ қуған.
Үлбіреген қырқа толы қызғалдақ,
Сусыл қағып, ұшып өткен аққулар.
Дала,
Дала!
Шұғыласы мол таңдар,
(Миллиард пұт сияр қамба-қалтаң бар).
Маңғыстауға мұнара боп шаншылып,
Аспанға атқан фонтандар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңге әзілі

  • 0
  • 0

Көрмегелі еркеңді,
Болды-ау жүзі бір айдың.
Сылқыс жігіт, өзіңді,
(Болу керек төзімді),

Толық

Ұйқыда бар әлем

  • 0
  • 0

Ұйқыда бар әлем,
Мен жалғыз ояумын.
Заматта барар ем,
Алыссың, аяулым.

Толық

Себезгілегенде таңнан нұр

  • 0
  • 0

Себезгілегенде таңнан нұр,
Шығарып әсем жаннан жыр.
Мінезіңмен, ісіңмен,
Айналаңды таңғалдыр.

Толық

Қарап көріңіз