Өлең, жыр, ақындар

Дәрібай қауымы басындағы ой

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1045
О, Дәрiбай,
О, Дәрiбай,
Дәрiбай!
Тектi адамның тұқымысың,
Әрi мырза, әрi батыр, әрi бай.
Жомарт бабам сенен кейiн өкпелептi деп бiзге,
“Ұрпақтарым ұсақтапты торғай шоқыр тарыдай”.
Айтар болсам перзентiң боп сыр төге,
Бәрiңе де мекен бопты бiр төбе.
Жатырсыңдар, жатырсыңдар тып-тыныш,
Бiр төбеде мәңгi сапар бiр кеме.
Болсам егер шын сырымды баяндар,
Жапа шексем саған ұшам қанатымды жаям да.
Баба деймiн, әке деймiн, аға деймiн... мен солай...
Қарсы-ап менi.
Ертесiне мына сөздi кiргiзедi аянға:
“Аман жүрсiн деп тiлеушi ек қайда да,
Тағдырменен еш уақытта ойнама!
Ерте әлi қосылуға бiздерге,
Тындырмаған iстерiң көп, ей, Бала!
Тағдырменен еш уақытта ойнама!”
...Дейдi әке, дейдi аға, дейдi ана.
Осы сәтте, осы сәтте түнерген,
Ап-ашық боп шыға келер айнала.
Мұңлы ауыл, жырлы ауыл – Дәрiбай,
Жеттiк бiз де бостандыққа арымай.
Ұлы бабам Жомарт сынды ұл туар,
Бiр келiндi талғақ қыл,
Әрi мырза, әрi батыр, әрi бай,
О, Дәрiбай!
О, Дәрiбай,
Дәрiбай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбоз ат мінген Елбасы

  • 0
  • 0

Тамшалыда… мөлдір тамшы… көп ғажап,
Тамсанбаған Тамшалыға жоқ қазақ.
Осы жерде, осы жерде халайық
Нұр-ағаға мінгізген-ді Ақбоз ат.

Толық

Біреу тілек тілейді

  • 0
  • 0

Біреу тілек тілейді,
Өз отым ғана жансын,– деп.
Өзге ошақ оты сөнсін,– деп.
Біреу тілек тілейді,

Толық

Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп

  • 0
  • 0

Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп,
Махаббаттың бал-шарабына маспын деп.
Күннен де ыстық қызуым мол кеудемде,
Кеудемде менің тасқын көп.

Толық

Қарап көріңіз