Өлең, жыр, ақындар

Нешеуміз?

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2036
Ал, санаңдар,
Санаңдар,
Бізге, достар,
Қараңдар.
Мен – үлкені
Ардақпын,
Дейді мамам:
«Ардақтым!».
Мен – өнерпаз Арманмын,
Түрлі әуенге салғанмын.
Мен – спортшы Албанмын,
Озып, жүлде алғанмын.
Мен – суретші Айнатпын,
Үйдің ішін жайнаттым.
Мен – кішкентай Әйбатпын,
Бөпешімді ойнаттым.
Санашы енді,
Нешеуміз?
Әрине,
Біз – бесеуміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамаша

  • 0
  • 0

Ей, халайық, халайық,
Тамаша әнге салайық.
Ашық аспан аясында,
Қанатты бірге қағайық.

Толық

Мақтаншақ

  • 0
  • 0

Мақтаншақ деп, балалар,
Текке мазақ етпеңдер.
Өнерімді санап ал,
Көрмей оны кетпеңдер.

Толық

Көрікті Қорғалжын

  • 0
  • 0

Қорғалжын, атамекен өскен жерім,
Балалық бал дәуренді кешкен жерім,
Атыңды мақтанышпен әнге қосам,
Жанымды желпіндіріп ескен желің.

Толық

Қарап көріңіз