Өлең, жыр, ақындар

Отардағы от

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 806
Батуға да
Таяп қалды күміс күн.
Түн жақындап,
Салқын жапты құм үстін.
Жалтылдаған
Бейне қызыл көбелек,
Отардағы от,
Көзді тартты, керемет.
Шопандар да қоршай келіп отырды,
Алау-жалын кеуделерге от үрді.
Бу бұрқырап,
Шәугімге шоқ сырылды,
Шайдың иісі қытықтайды мұрынды.
Төңіректе – толған түнгі дауыстар:
Түлкі, қарсақ шәуілдейді алыстан.
Қараңғыда
Сусыл қағып қанаты,
Ақырындап
Құстар ұшып барады.
Тыныштықпен алмастырып ыстығын,
От басында қоюлана түсті түн.
Түннің қара алақаны алымды
Ұмтылады
Өшірмек боп жалынды.
Түн тұнжырай түскен сайын неғұрлым,
От өрекпіп,
Жарқырайды соғұрлым.
Түн түнеріп,
Көрсетсе де қыспағын,
Жеңе алмайды жалын атқан дұшпанын.
Бірте-бірте жұлдыз сиреп келеді,
Тыныштықта,
Ұйқыға отар енеді.
Секілденіп
Дамыл алған көбелек,
Отардағы от та сөнді,
Не керек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шұлғаубайдың шатағы

  • 0
  • 0

Тойып алған Шұлғаубай
Былқ-сылқ етіп бұлғаңдай,
Айтқан сөзді ұқпай қойды,
Мейрамханадан шықпай қойды.

Толық

Тапқышбек

  • 0
  • 0

Тапқышбекті, балалар,
Білесіңдер бұрыннан.
Көп жаңалық таба алар,
Хабары мол ғылымнан.

Толық

Сені күттім

  • 0
  • 0

Сені күттім, ұзақ күттім,
Зор үмітпен шыдап күттім.
Тәңір маған қарайласты,
Көктем болып арай шашты.

Толық

Қарап көріңіз