Өлең, жыр, ақындар

Қарға мен сауысқан

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2455
Сауысқан мен Қарға
Қонды кеп талға.
Түрлері жоқ әсем,
Үндері пәсең.
Екеуі танысты,
Біраз пікір алысты.
Баяндап ісін бастағы,
Алдымен Қарға бастады:
– Мен, мен едім, мен едім,
Картақұмар ер едім.
Қол табылса қай жерде,
Ұшып ала жөнелдім.
Басқан сайын батыр боп,
Шығып жатты керегім.
Ойдай пайқап шарапты,
Шашаламып демедім.
Ұтқан сайын құтырдым,
Жұтқан сайын жұтындым,
Ақырында тұтылдым,
Түгім қалмай ұтылдым.
Айырылдым анадан,
Қатын менен баладан.
Айырылдым ақыры
Ақыл менен санадан.
Достарымның бірі жоқ,
Баяғыдай түрім жоқ.
Енді мынау жүргенім,
Әрең-әрең тірі боп...
Мұңын айтып бастағы,
Сауысқан да қақсады:
– Бір дүкенде сатушы ем,
Бал мен шекер татулы ем.
Таразыдан жырып-ақ,
Берекеге батушы ем.
Кетсе де заң қиындап,
Сатушылық тиімді-ақ.
Талай мыңды тауып ем,
Артық алып тиындап...
Орға түсер білмеген,
Келген бетім түрмеден.
Судан шыққан тауықтай,
Міне, мынау түр деген.
Арамдықты тастайық,
Қиындықтан қашпайық.
Қарға, достым, қайтадан
Жаңа өмірді бастайық!
Бұл ақылды Қарғаның
Құптап қабыл алғанын
Біле алмадым,
Немесе,
Қарға болып қалғанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарлығаш пен құзғын

  • 0
  • 0

Жанып жатты көлдің беті лапылдап,
Құзғын оған келді де ұшып жақындап,
Тез өртеніп кетсін деп,
Орны құрғап кепсін деп,

Толық

Екі түрлі сапар

  • 0
  • 0

Мекеменің белгілі
Қызметкері елге бара қалғаны,
Бірақ, оны ешкім қарсы алмады.
Елемеді ел мұны,

Толық

Көз алдымда елесің

  • 0
  • 0

Күні-түні көз алдымда елесің,
Жүрегімде жатталумен келесің.
Асығамын жеткенімше өзіңе,
Асып небір асқар таулар белесін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер