Өлең, жыр, ақындар

Академик арыстан

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2572
Академик – президент Арыстан,
(Орынбасары Барыстан)
Демалысқа кетерде,
Уақытша Барысты бастық етерде,
Былай деді салмақтырақ пішінде:
«Осал емес күшің де,
Ісің де,
Мен келгенше беделіңді түсірме.
Оңды-солды сілтей бер,
Кемшілікті бүркей бер.
Мықтыларға тиіспе,
Сұлулармен сүйіспе.
Осы ақылды ұқ», – деді,
Барыс та оған: «Құп!» – деді.
Бірақ, оның басқаша еді күткені:
Ең алдымен профессор Аюды
Қарастырды жоюды.
Жемқор доктор Қасқырды
Сот орнына тапсырды.
Сонсын жүйрік Жылқыны
Жалынан ап жұлқыды,
Жайрандарды қылқыды.
Текке жүрген Түйені
Бір вагонға тиеді.
Салпаңдаған Сиырды
Етке өткіз деп бұйырды.
Сүйіп Түлкі бикешті,
Тым қызықты күй кешті.
Ал, кандидат қойларды,
Деме, тіпті, ойға алды.
Бұл зомбылық, бұл зорлық –
Мықтыларға шын қорлық.
Академик келгенде,
Оған есеп бергенде,
Барлық мықты жиылып,
Қатал жаза бұйырып,
Әшкерелеп Барысты,
Сотқа берді бар істі.
Демалыстан оралып,
Көз жеткен соң мол анық,
Академик Арыстан
Ұрысты-ай кеп Барысқа:
«Өзің де бір оңбайсың,
Енді шындап сорлайсың.
Нең бар еді бірегей
Докторларға тиісіп?
Кандидаттар шүрегей
Қаптап жүр ғой ұйысып.
Күнде бірін жесең де,
Кемімейді кандидат.
Кетпес еді есең де,
Жатпас едің жан қинап.
* * *
Академик байқап жайды байыпты,
Арашаға түспеген.
Өйткені, әркім айыпты
Өз ісіне істеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маскүнемнің монологы

  • 0
  • 0

Бұл өмірдің тылсым күші – ішімдік,
Біздер оны өзімізше түсіндік.
Бір қуаныш бола қалса, той жасап,
Дос-жаранға ішімдікті ұсындық.

Толық

Баюдың жолы мың тарам

  • 0
  • 0

«Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы...», –
Деп Абай айтпаған-ау ашық бекер,
Кей адам тірідей-ақ сасып кетер.

Толық

Арамызда бәрі бар

  • 0
  • 0

Бір сөзді дәл ұғар,
Бір сөзді сәл ұғар –
Сан алуан баланың
Арамызда бәрі бар.

Толық

Қарап көріңіз