Эссе және өлең-жыр байқауы

Өмір солай

Өмір солай жақсылық пен жаман тең,
Өмір солай өтеді екен алдаумен,
Өмір солай жалған бес күн кеп кеткен,
Ешкімді де аямаған, шеттеткен.

Өмір солай самал желдей соғатын,
Құйынында қалған адам болатын.
Өмір солай ағын судай ағатын,
Тоқтата алмас тауды бұзар қамалым.

Өмір солай ойда жоқта байисың,
Армандарың орындалып жарисың.
Өмір солай биік шыңнан құлайсың,
Ондай сәтте дос таба алмай жылайсың.

Өмір солай адал достан харам көп,
Алдау, арбау, айламенен табар көп.
Өмір солай жазықсыздар кінәлі,
Кінәлілер аппақ болып шығады.

Өмір қандай, білмедім мен ғажабын,
Не де болса жаздым ащы азабын.
Ойланайық санаға сап, толғанып,
Біз анадан жаман болып тумадық...

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

Дина

маған ұнады рахмет сізге

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...