Өлең, жыр, ақындар

Тұсаукесер

  • 21.12.2019
  • 0
  • 0
  • 1729
Қаз, қаз балам десіпті,
Күрмеуіңді шешіпті.
Ала жібін ешкімнің,
Аттама деп кесіпті.

Қаз, қаз басып келер деп,
Қадамына сенер көп.
Тоқ ішекпен кесіпті,
Тоқшылыққа кенел деп.

Қуанышқа бөленбек,
Әр қадамы еленбек.
Көк шөппенен кесіпті,
Көктеп өсіп, көгер деп.

Тұсауыңды кесейік,
Күрмеуіңді шешейік.
Алға қадам баса ғой,
Азамат бол,есейіп.

Кел, қатарға, қосыл да,
Жүгір енді,тосылма.
Қаз,қаз айтып алдыңнан,
Ел қуанып тосуда.

Шаттандырған күніңде,
Қадам басып күлімде,
Жолың ашық болсыншы,
Ешқашанда сүрінбе.

Р S
Дәстүрге бай халқым бар,
Аласармас даңқым бар.
Бабалардан жалғасқан,
Тұсаукесер салтым бар.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Атам тайға мінгізді

  • 0
  • 0

Атам тайға мінгізді,
Тізгін берді қолыма.
Қолға қамшы ілгізді,
Шық деп өмір жолына.

Толық

Айтыс

  • 0
  • 0

Өлеңмен сөз-сайыста қағысқалы,
Өзендей тасты ағызған ағыстары.
Шабыттың тұлпарына қамшы басып,
Қыздармен шығып тұрмыз жарысқалы.

Толық

Достық

  • 0
  • 0

Достық – биік жалауым,
Достық – берік қамалым.
Достық сезім жүректе,
Жағады өшпес алауын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар