Өлең, жыр, ақындар

Парижде

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 569
Аманаты Ахаңның
Көкейінде жаңғыра,
Келіп түсті шаһардың
Келбет-көркі таң қыла.

Самаладай жайнаған
Сән-салтанат келісті.
Қошаметшіл айналаң,
Жұмақ дерлік жер үсті.

Сарайлар ақ шағала,
Көшелері оқтаудай.
Алуан сансыз самала,
Жымың қаққан от қандай!

Ғажап сурет, тосын жай
Қыл пернеде ән шертсе,
Көңіл күймен осындай
Келіп кірген концертке.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ашамай

  • 0
  • 0

- Таралғысы тым қысқа,
Ерге ұқсас бұл нұсқа –
Ашамайың, мінеки, -
Деп әкеліп берді ұста.

Толық

Алғашқы жеңіс

  • 0
  • 0

Бес жасында атқа мінген,
Жеті атасын жатқа білген,
Бабаларым туған жерін
Таптатпаған жатқа мүлдем.

Толық

Атқа міну

  • 0
  • 0

- Беске толдың, балам-ау,
Керек әлді шамалау.
Мұндай жаста ұлдарға
Ұят атқа жоламау.

Толық

Қарап көріңіз