Өлең, жыр, ақындар

Абай-нәр мен тынысым

Білім -шырақ,белестердің анасы,
Сірә,бұған, ешкімнің жоқ таласы.
Өмір мәнін білімнен саралайды,
Абай сынды адамзаттың данасы.
Ізден ,оқы,үйренуден жалықпа,
Білім ғана жетелейді жарыққа.
Бал Жастықтың жалындаған шағында,
Биіктерде ұлы Абайдай шарықта!
Абай - хакім , Абай нәр мен тынысым,
Ізін нұсқап жетелейді Ұлы шың.
Күреңіткен күрен күздей халықтың,
Қаламымен қанықтырған құрышын.
Көңіл құсын жыл-шілдедей маздаттың,
Жарып шығып қара бұлтын мазақтың
Дәуірлердің несібесі сен шығар,
Сипап өткен маңдайынан қазақтың.
Өкпек желдей зыр зымырап,долданып
175 те келіп қапты қомданып,
Кестелі сөз-ұрпақ әні. Туылған
Күңіреніп мың ойланып, толғанып.
Өлең- жырдың тұсау кескен ағасы,
Ай тербеуге жететұғын шамасы.
Абай айтса мына фәни өмірдің
Сараланған ағы менен қарасы.
Өлмейтұғын сөз қалдырған артынан,
Шәкіртіміз көрмесекте талпынған.
Ақ параққа қалам дайын тұрғанда
Қазақ ұлы - Абай десе тартынбан.



Пікірлер (2)

Самжанова Айгүл Жеткінбайқызы

маған керек болғаныда осы еді рахмет

Фариза

Керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз