Өлең, жыр, ақындар

Қарындастың көз жасы

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1966
Қарындасым!
Деппін оған, қамқоршыдай болып бір,
Қара көзің жасқа неге толып тұр?
Айтшы маған, өкпелеткен кім сені,
Таныстырам әкесіне көріп тұр.
Ойлы көзін қадап маған төңкеріп,
Әлде қандай дауысына мұң кіріп
Жауап берді жыламсырай күрсініп…
Торғын тартқан жүзі қандай нұр сіңіп…
Ағатай-ай!
Қалай ғана шаншыдым сәби қолын?
Кете ме деп қорқамын болмай жолым…
Шар еткенде саусақтан қан тамшылап,
Қалғандай ем танымай оң мен солым.
Қарындасым!
Деппін оған қан алғаның айып па?
Санамашы оны үлкен айыпқа.
Жазылады жарақаты сәбидің,
Көңіл көтер, ойдан ауыр айықта.
Ағатай-ау!
Қинап тұрған қаны емес саусақтың,
Дәргермін ғой, күйректіктен аулақпын.
Көбелектей отқа түскен еркімен,
Қыздар қашан айрылады дертінен?
Заңсыз әке, нәрестенің әкесі,
Қиылмаған шешесімен некесі.
Ертеңгі күн
– Соттасады, ағатай,
Бала қаны, әке және шешесі.
Соған керек қанның түгел құрамы,
Сол арқылы сот мәжіліс құрады.
Баласының тамшы қаны бұлтартпас
Болмақ екен мойындату құралы.
Сондай қиын тапсырмамен қан алдым,
Мұңсыз едім, қасірет кеп жамалдың.
Қымбатымның өңі оңып барады,
Ағажан-ай, тығырыққа қамалдым.
Заң сотына түссе әке, шешесі,
(Бала қаны – толмас орны, есесі).
Ар сотына түсіп қалдым жазықсыз,
Ар қиналды, елім үшін, көкесі.
Айналайын!
Дедім оған, таңың сенің жақсы атқан,
Сен жұлдызсың, сен – ай, сен – күн, аңсатқан.
Бұл өмірде қара жүрек арсыз бар,
Ада қылар туған халқын жақсы аттан.
……………………………………………………
Дедім дағы Ұлы адамға бас иіп,
Күнәлідей, үнсіз ғана қоштасқам…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адам мен адам

  • 0
  • 0

Адамды адам өсірді, көкке самғатты,
Адамды адам жар етті, сүйіп таңдапты.
Оқ атса бірі оңдырмай жара түсіріп,
Жарасын таңып, біреуі сосын қамдапты.

Толық

Тас тарих

  • 0
  • 0

Жермен бірге атам қазақ дөңгелеп,
Қанша түлеп, сонша күйреп сөнген ед.
Кеше тудық, ұлт емеспіз дейтіндер,
Тастан оқы, қалар санаң жөнге кеп.

Толық

Бір уыс топырақ, бір шекім бұлт

  • 0
  • 0

Бір уыс топырақ,
Бір шекім бұлт енші алып
Кетсем бе екен
Имандылау жер шалып

Толық

Қарап көріңіз