Өлең, жыр, ақындар

Өлкем менің

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 998
Бұлт емген шыңы көктен,
Көбелек гүлін өпкен.
Ғажап қой жаздың жұпар,
Жадырап күні жеткен.
Көгорай жапқан кілем,
Асыр сап шаттандым мен.
Шырылдап шегірткесі,
Түрлі күй тартқан кілең.
Қол жетер тұста жақын,
Тоқтатып құс қанатын.
Тамсанып төмен қарар,
Бұл жерге құштар әркім.
Бұл көркем туған жерім,
Құлпырған гүл дала едің.
Талпынып өскен тауға,
Еңселі тұлғалы ерің.
Көз тұнған көркем белің,
Сенде өсіп, өркендермін.
Ұқтырған қасиетін,
Құт тұнған өлкем менің.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен ұқыпты баламын

  • 0
  • 0

Кітап, дәптер, қаламым,
Сөмкеме оны саламын.
Күтетін оқу құралын,
Мен ұқыпты баламын.

Толық

Шаңырақ

  • 0
  • 0

Киіз үйге кіргенде,
Бәрі басын иеді.
Оның сыры білгенге,
Шаңырақ қой киелі.

Толық

Мақтаншақ доп

  • 0
  • 0

Секең-секең, секеңдеп,
Маған кім бар жетер деп.
Мақтанды Доп асыққа,
Бәріңдікі бекер деп.

Толық

Қарап көріңіз