Өлең, жыр, ақындар

Бәйге

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 3133
Тайбурылдай жараған,
Жал-құйрығын тараған,
Жүйріктер тұр тыпыршып,
Арғымаққа балаған.
Міне, бәйге басталды,
Шабандозым, бас қамшы!.
Делебесі қозады,
Бәйге десе жас-кәрі.
Қиқулаған дауыстар,
Жаңғыртады аспанды.
Таң асырып бапталған,
Кіл сәйгүлік мақталған.
Шықты әне бір тұлпар,
Қара үзіп аттардан.
* * *
Тұлпарлар жарысқан,
Бәйге – сын, бәйге – үміт,
Ауыздықпен алысқан,
Қанатты сәйгүлік.
Қиқулап, қан қызып,
Делебең қозады.
Бәйгеде бар қызық,
Шын жүйрік озады.
Жұлдыздай ағады,
Бабамның күлігі.
Оятқан Даланы,
Арғымақ дүбірі.
Шап, шап, шабандоз!
Жүрмесін шет қалып.
Көсілсін тарланбоз,
Мәрені бетке алып!.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұстазым

  • 0
  • 0

Бетін ашып Әліппенің,
Үйреткен бар әріптерін.
Тал бойыма еккен ұстаз,
Әдептілік әдіптерін.

Толық

Айтыс

  • 0
  • 0

Сөз табатын қиыстырып қиыннан,
Қаумалаған ел алдында жиылған.
Қос ішекті домбырасын қолға алса,
Таңдайынан маржан өлең құйылған.

Толық

Достық

  • 0
  • 0

Достық – биік жалауым,
Достық – берік қамалым.
Достық сезім жүректе,
Жағады өшпес алауын.

Толық

Қарап көріңіз