Өлең, жыр, ақындар

Мың сөз

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1023
Кiм қойды екен жазалап,
Жалғанда тiлi ұзын-ды.
Бiз бiлетiн Азамат,
Бiр-ақ күнде бұзылды.
Басынан тəуiр сабағы,
Жүретiн едi жайраңдап.
Байқасақ, тұнжыр қабағы,
Отырмыз бiздер қайран қап.
Тапсырманы сұраса,
Қысқартып қана айтады.
Көп сөйлемей тым аса,
Үйiне жалғыз қайтады.
Шешiлмей жанға шеттейдi,
Жүретiн болды оңаша.
Мылжыңдап та кетпейдi,
Қылығы бөтен, жаңаша.
Даурығысқан керiстi,
Жандырып өзi бастайтын,
Ешкiмменен келiспей,
Аяқсыз оны тастайтын.
Бiр айтысса Азамат,
Ой, қырсық-ақ болатын.
Төбелеске аз-аз-ақ,
Жетпей ғана қалатын.
Ендi содан қарасақ,
Қашатын бопты қалайда.
Керiстi бiздер қаласақ,
Жуымайды маңайға.
Бiлсек кейiн себебiн,
Бiр ағасы кептi ғой.
Тəңiрдей өзi сенетiн,
Сол ағасы дептi ғой:
– Əгəр адам бiр күнде,
Мың сөзден көп сөйлесе,
Өледi ол, бiлдiң бе,
Дəл маған кел, өлмесе.
Көп сөйлеуге тырыспа,
Өлесiң бiрден сол замат...
Өтiрiк пе бұл,
Дұрыс па?
Ойланды қатты Азамат.
Көп сөйлейтiн Азамат,
Зейiн қойып тыңдапты.
Бұл қылығы ғажап-ақ,
Көңiлiне дiк апты.
Еш нəрсеге сенбейтiн,
Соған сене қалыпты.
Санап қана сөйлейтiн,
Бала болып алыпты.
Күлмесең де, күлсең де,
Мойымайды ол жалпы,
Құйт сен,
Мейлiң құйт сенбе,
Əлi күнге сол қалпы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қолбасшы және жолбасшы

  • 0
  • 0

Қай дəуiрдiң еншiсi
Айта алмайды еш кiсi.
Бiзге жеткен
бұл аңыз –

Толық

«Қортық» шыбық

  • 0
  • 0

Қар кеттi де, жаз шығып,
Ектi Төкен жас шыбық.
Жүрмеген соң суарып,
Қалды ол өспей қуарып,

Толық

Қыста құстар қадірлі

  • 0
  • 0

Жер ақ қарға оранды,
Күн аязды, боранды,
Жылы жақтан келген құс
Жылы жаққа оралды.

Толық

Қарап көріңіз