Өлең, жыр, ақындар

Ғажайып қала

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1149
Тауларым үнсіз, ақ иық,
Айрылмайтын сабырдан.
Далам жатыр далиып,
Шалғын-шапан, жамылған.

Үйлер көкке өрлеген,
Күнді сүйіп, нұрлана.
Бұрын соңды көрмеген,
Көз алдымда тұр қала:

Қалған бейне шаншылып,
Жираф-телемұнара.
Жаңалықты(алшы ұғып)
Таратады бұл ара.

Қанат жайып инелік,
Көк аспанда самғайды.
Қала үстіне тұр келіп,
Тікұшақтан аумайды.

Көк өзендей көшеде,
Өтіп жатқан бар бала.
Қызықтарға нешеме,
Қарасады таңдана.

Толғанады жаным да,
Жалауымдай көгілдір.
Бейбітшілік бағында,
Бүр жарады, өмір-гүл.

....Сәулетшілік-арманым,
Баурап түрлі алады ой.
Әттең, мынау салғаным ,
Қағаздағы қала ғой...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейірімге шөлдеу

  • 0
  • 0

Нән тасбақа асығулы,
Құмға қарай ұмтылып.
Қайда бармақ,қасы нулы,
Тұрған жерден құлпырып?

Толық

Жаз

  • 0
  • 0

Жанымды жайлады,
Көктегі құс әні.
Жазымның жайдары,
Мейірімді құшағы.

Толық

Көгершінге наз

  • 0
  • 0

Хат тасып жүрген көгершін,
Иеңдей маған сенерсің.
Қайтесің, күтіп тұр алда...
Сені де, мені, нелер сын.

Толық

Қарап көріңіз