Өлең, жыр, ақындар

Балама

  • 10.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1894
Өмірдің ащы-тұщысын,
Сен үшін көрдім, бөбегім.
Көрмеген қайдан түсінсін,
Жатпаймын айтып себебін.

Аялап сені өсірдім,
Болсын деп жақсы азамат.
Еркелігіңді кешірдім,
Ерсіңді айтып саралап.

Арқалай жүріп ауыр жүк,
Жетектей сені оқыттым.
Алдымда бар деп зор үміт,
Жеткеніңді көп күттім.

Ақыры жеттің дегенге,
Азамат болдың саналы.
Анаң бар қымбат менен де,
Сүйе біл Отан–ананы!
Өмірлік қазна сарқылмас,
Мектептен алған білімің.
Оқытқан сені кәрі ұстаз, –
ұстазым еді ол менің.
Оқиды содан келер жас,
Оқиды сенің бөбегің,
Қартаймайтын сол ұстаз
Өсіре бермек өренін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңешем

  • 0
  • 0

Жеңешем елден тұңгыш келген,
Тұңғыш топтың әскері.
Топты жарған, ұлы майдан,
Ұлы өндіріс іскері.

Толық

Жол әсері

  • 0
  • 0

Кең құшақ, жазық дүние жайнап жатқан,
Күлімдеп күміс көлдер кайнап жатқан.
Жайқалып қарағай, қайың қарай қалса,
Сылқылдап тас бұлақтар таңдай қаққан.

Толық

Майға

  • 0
  • 0

Майдың күні, -
Майдан күні,
Майдан күшін сынайтын.
Майдың үні,

Толық

Қарап көріңіз