Өлең, жыр, ақындар

Көктемнің хабары

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 943
Алматыға көктем келді,
Біз жүретін жолдың бәрі жыр болып,
Еске салар өткендерді
Ал дәл қазір,
Есентайдан түскі ас ішіп
Шаштарында дицентра гүлденіп,
Кеудесінен құстар ұшып...
Мен келдім!
Алматыға көктем келді,
Құстар айтты құлағыма сыбырлап ,
Жалғастырар көк пен жерді
Ал дәл қазір,
Жүрегімнің досы үміт.
Сосын мен де бір ән айттым ыңылдап,
Молданазарға қосылып...
Алматыға көктем келді,
Құрбыларым шықты жаңа сәнденіп,
(Жек көретін өктем желді)
Ал дәл қазір,
Кеше жауған қар артық,
Менің жаным қуыс-қуыс тәнге еріп,
Жатсам дейді дүниені ағартып.
Алматыға көктем келді,
Көрінеді қарасаң, жақыннан күз,
(Мұңға бату жоқ менде енді)
Ал дәл қазір
Сыр орнына жыр беріп,
Терезе алдында түнмен бірге отырған қыз
...ғайып болар, үлгеріп!
Алматыға көктем келді,
Ақындар!...қиын бұларға
(Ессіз деп сөкпең мені)
Ал дәл қазір,
Бір сағыныш ойларымды үсіріп,
Айналдырар жүрегімді жырыма,
Жырларымды қиындыларға,
Түсініксіз түсінік.
Алматыға көктем келді- мен келдім!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке - өлең

  • 0
  • 0

Әке, сенің маңдайыңдағы әжімдер
Шығыс пен Батыстың,
Ақыл мен намыстың тоғысқан торабы;
Балалыққа апарар

Толық

Менің далам

  • 0
  • 0

Жанардан жас болып ауытқыр боз ғалам,
Бар менің ешкімге тиіссіз өз далам.
Аспанға аңсары ауғандар таңсәрі
Қолыңды соз маған!

Толық

Қауышу

  • 0
  • 0

...Ғасыр екен шамдар сөнген, сөз өліп
«Жылдамырақ сен алдыма өт енді».
Маңдайыма тапаншасын кезеніп
Уақыт тұр...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар