Өлең, жыр, ақындар

Қырықтағы қайнағалар

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1521
Бұл кісілер – біреудің қайнағалары,
(Қайнаға болып туды деп ойлама бәрі.)
Ойнақтап кеше отыздың орғылында олар,
Жайқамағаны қалды ма, жайламағаны?
Шайқамағаны қалмаған, байқамағаны,
Жан қалтасында жүргендей той-томалағы.
Шашылып шалқып, думан мен дырдуға малтып,
Айта жүрері бар бұлар, айта қалары.
Сүрлігіп жүріп сүрініп, сонар қуалап,
Қырықтан аса қырқадан қайта қарады.
Қайта қараса қапылып, қара таласқан,
Дүниенің бәрі – талайдың қайталағаны.
Сөйткенше болмай қара шаш қылтанақтанды,
Қипалақтады ағалар, бұлталақтады.
Сонарға құмар сол көңіл алағзығанда,
Кеміс боп жүрді, қайтсін-ай, бір тояттауы...
Сонда да бірақ азаймас көздегі сұрақ,
Көздегі сұрақ бұл кезде көздегі сынап.
Қырықтағы еркек әйелге өліп-өшпесе,
Өлуі мүмкін әйелдер өздері құлап.
Қырықтағы еркек шоқ сынды қоламтадағы,
Қызуы бойда, үрлесе заман талабы.
Шайқалып барып түскенде сабасына адам
Санасын сонда қайтадан жаңарта алады.
Қырықтағы еркек қалады қайнаға болып,
Қайынағалықтан зиян да, пайда да көріп...
Серілік дәурен бәрібір байытпайтынын
Байыптай келіп, біледі ойлана келіп.
Бұл кісілер – біреудің қайнағалары,
Сыпайы тартып, сондықтан майдалағаны.
Қырықтағы еркек қаншама қайнаға болсын,
Замандас болмай бәрібір қайда барады?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұхтар мен Қаныш

  • 0
  • 0

Мұхтар мен Қаныш кездесе кетті бір жылы,
Біреуі Мәскеу, біреуі Жезді тұрғыны.
Ұлылық жанған жанарларының түбінде
Бар сияқты еді кіреуке мұңның кірбіңі.

Толық

Ән естілді, қоңыр кеш

  • 0
  • 0

Ән естілді, қоңыр кеш
Қырды қымтап алған шақ.
Кейде адамда көңіл хош,
Өткен жайды толғансақ.

Толық

Адалдық пен арбау

  • 0
  • 0

– Махаббат суый ма екен?
– Суыйды екен,
Зардабы да зарығып сүюге тең.
Қайғысы да жүйкеңді жеген құрттай,

Толық

Қарап көріңіз