Өлең, жыр, ақындар

Абайға арнау

  • 18.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3353
Абайдың өлеңімен мақтанамын,
Шығармасын оқып шаттанамын.
Киелі, қасиетті жерде туған,
Шығысым, Абайым деп мақтанамын.

Абайдың өлеңі мәңгі өшпес,
Оқыған жанның жүрегінен мәңгі кетпес,
Қазақтың қаламгері Абай болса,
Әлемнің төрінен мәңгі кетпес.

Шығармасы сан тілге аударылған,
Өлеңі қазақты таң қалдырған.
Абайдың бағындырған биік шыңы,
Жастарға рух беріп, жандандырған..

Әдебиет әлемінен сусындаймын,
Поэзиядан нәр алып, жыр тыңдаймын,
Абайдың өлеңіне тамсанып бір,
Шын жүректен өлеңімді арнаймын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз