Өлең, жыр, ақындар

Ей, алдамшы дүние

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1044
Ей, алдамшы дүние, жағаласқан,арбасқан,
Әлi есiмде аяулы, аппақ сезiм, алғашқы ән.
Нарық мерген соңымда садағына жармасқан,
Құтылмадым бүгiнгi қамытынан тiрлiктiң,
Қасқыры едiм даланың екi-үш рет қар басқан.
Жырларымды бiр жан жоқ дәл өзiмдей түсiнген,
Дүние қуған топасқа ыза болам iшiмнен.
Оқи қалсаң бiр өлең ақылды түр жасап ап,
Отырады алдыңда ойша шомған пiшiнмен.
Ақ қайыңға мұңлылау екi ғашық баратын,
Гүл аңқыған беткейде, жұлдыз аққан қара түн.
Сырымды айтсам босаған кемшiлiгiм емес ол,
Жыр оқыған сол сәтiм әлсiздiгiм болатын.
Мәңгiлiкке беттеген жырым дұрыс бағытта,
Ит пен құстан көп қалған қайран көңiл жабықпа.
Ал сен менi сұрқия сұрағыңмен қағытпа.
Оқымайтын қазақтар бар ғұмыры бiрге өткен,
Өлеңдерiм тұтқын боп қалар кiтап табытта.
Рельстер тәрiздi таптаурынды бағыттар,
Соны соқпақ не керек, дайын жолмен ағып қал.
Қос өкпеден қысады, алқымымда қос қолы,
Рухымды киелi босатпайды табыттар.
Өткiзбейдi халқыма шенеунiктер сұрланған,
Дүние терiс айналды тоқалдайын тұлданған.
Ай айналып, жыл жылжып, тықылымен сағаттың,
Қайран менiң аяулы алтын кезiм ұрланған.
Толқын-толқын ұрпақты тарих сүзiп байқамақ,
Бұрынырақ өткеннiң соңғы сәтiн қайталап.
Бiз де кете барармыз, қимай сұлу дүниенi,
Төбемiзге шалқайған жарық күнде ай қадап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл терген асыл еркем Бөкейiңнен

  • 0
  • 0

Гүл терген асыл еркем Бөкейiңнен,
Кетпейдi бала бейнең көкейiмнен.
Аруын Күреңбелдiң ұмытпасын,
Жыр жазып кейiнгiге кетейiн мен.

Толық

Бақыт жайлы баллада

  • 0
  • 0

Тағдыр.., билік еркіндігін шектеген,
Ғарыш жаққа олар босқа кетпеген.
Бақыт, бағың керек емес маған да,
Қолы кеше Жұматайға жетпеген.

Толық

Алматыға қар жауып тұр ақпанда

  • 0
  • 0

Алматыға қар жауып тұр ақпанда,
Жаңа ғана атқан мынау ақ таңда.
Алатауға қарап тұрдым балконнан,
Аппақ дүние сыр жасырып жатқанда.

Толық

Қарап көріңіз