Өлең, жыр, ақындар

Сұлу махаббат

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 462
Бала күнім кешегі жоқ басымда,
Керуен жылжып барады тоқтасын ба?
Жанын жеген жегідей сенің қамың,
Қара кемпір отырған от басында.

Жақсы көред, білмедім, неменесін,
Бара жатыр арқалап немересін.
Қара кемпір, бүкір шал, қормалым-ай,
Сағыныштың қоздырған делебесін.

Күннен ыстық мейірің, ана, маған,
Сенен артық жан бар деп санамағам.
Қаршығадан жасқанған торғайың ем,
Жүрегіңді шырылдап паналаған.

Өтсе дағы дауылды бұрқасында,
Ол бақытты, анасы бар қасында.
Бұл жаһанда бар екен жалғыз сұлу,
Ана менен баланың ортасында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алакөлдің бойында

  • 0
  • 0

Бүлкілдейді ауаңмен,
Тыртық жүрек қойында.
Ала-бөтен ойы жоқ,
Алакөлдің бойында.

Толық

Мәңгілік сағыныш

  • 0
  • 0

Мекен етіп туған ел қалашығын,
Аман-есен жүрмісің, қарашығым?
Ару едің ақ қанат, ақ періште,
Қондырмаған арына қара шыбын.

Толық

Қарап көріңіз