Өлең, жыр, ақындар

Күз

Күз келді, жапырақтар жерге түсті,
Бейне сурет салғандай түрлі-түсті.
Күз ару құдіретіңді айтшы маған,
Сұлулығың көз тартар, неткен күшті.

Шешті жасыл көйлегін тал-шыбықтар,
Шөп басына жайғасқан таңғы шықтар.
Жапырағы көп түспеген мәуелі ағаш,
Мұңайып тұрғандай ма мені құтқар?

Мәуелі ағаш, бір мезгіл дем ала тұр,
Табиғаттың төрт мезгілге сыйы ол біл.
Тамырың терең жайған тоңбасын деп,
Қыстық тоңын дайындап, жер ана тұр.

Бұлттар көшіп барады көк аспаннан,
Түнертіп қара қабағын бір ашпаған.
Толассыз сіркіреген күзгі ақ жауын,
Тоқтады кеш қарая таң бастаған.

Табиғат құбылысын сезбес адам,
Құпиясы тереңде сыр шашпаған.
Алтын түске боялған күзгі шақты,
Қоштасуға қимаймын ол рас маған.





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер