Өлең, жыр, ақындар

Жаз жаршысы

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 587
Толықсыған көктем таңы,
Жатыр әлем нұрға бөгіп.
Жылт-жылт етіп шық маржаны,
Күн де шықты шұғыла төгіп.
Мың құлпырып дала, міне,
Көк телегей толқып жатыр.
Иранбақтың лала гүлі,
Бір шөбіңе емес татыр.
Көкорай бел ұшқан түзде,
Жер қайысқан төрт түлік мал
Басын алар емес жерден –
Кең даланың шөбі де бал.
Сағым жуған сонау адыр,
Етегінде алып завод.
Шып-шып тершіп жатыр қазір,
Өңешінен шашып сан от.
Тамылжыған алтын Майым,
Сендей көркем өмір таңым.
Көңілім хош әр жыл сайын,
Оралғандай жастық шағым.
Оңтүстіктен қайтқан қаздың
Қанатынан леп еседі.
Лебі емес пе ерке жаздың
Көп ұзамай келесі енді.
Келсін көлбеп, сағынған жаз,
Ессін еркін ерке лебі.
Кәрі, жастың бәрі де мәз –
Жарқын жазым, сүйем сені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалындаған жас шырайы

  • 0
  • 0

Жалындаған жас шырайы,
Шуғыласындай алтын таңның.
Жарқ-жұрқ етіп қанат жайды,
Жалауындай замананың.

Толық

Темірші

  • 0
  • 0

Күмбірлі үйге кеудесі толып,
Зейнеттің күйін шертеді көрік.
Сарғайған күзгі жапырақтай болып,
Қашады жалын, сағымдай семіп.

Толық

Шолаққорған

  • 0
  • 0

Тексерсем бастан кешкен жылыңды мың,
Тауса алман айтып жылдың зұлымдығын.
Тарихтың таңбасына дүрбі керек,
Қатпарын қателеспей ұғынды кім?!

Толық

Қарап көріңіз