Өлең, жыр, ақындар

Жалындаған жас шырайы

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 467
Жалындаған жас шырайы,
Шуғыласындай алтын таңның.
Жарқ-жұрқ етіп қанат жайды,
Жалауындай замананың.
Әлдилеген, алтын бесік –
Арай тулы комсомолым!
Шапағыңда еркін өсіп,
Өрт жанарлы жігіт болдым.
Нажағайдың түнді тілген,
Семсеріндей ұшқын шашқан,
Жарқылдап ең кезеңде сен,
Екі дүние майдандасқан.
Бұлтын жыйған көкірегіне,
Дауылында әділеттің.
Топшың бекіп, түледің де,
Көгіне ұштың келешектің.
Сескенбестей жер сілкінсе,
Жүрегіме ерлік ектің.
Елемейтін сен киліксе,
Енисейдей өжет еттің.
Өтіп жатыр айлар, жылдар
Келер күннің жолын тартып.
Үміті әлем осы шығар,
Бара жатқан біздер артып.
Партияның көрігінде,
От шыңдаған болат тұрғын,
Арманының серігіндей,
Шешер сырын бар ғасырдың.
Әлдилеген, алтын бесік –
Арай тулы комсомолым!
Барар өрге ерте жетіп,
Арманым жоқ алсам орын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шай туралы жыр

  • 0
  • 0

Қаймақ құйған қара шай көңіл ашар,
Қанғанда оған өр адам бір-бір жасар.
Төркіні бар шайдың да жезде сынар,
Жолама сен, жүрегің болса нашар.

Толық

Біреуге

  • 0
  • 0

Жүзіңде тұл қараулықтың күзі бар,
Күзіңде кіл жаяулықтың ізі бар.
Асығыңның алшысы жоқ, шігі бар,
Қасығыңның тамшысы жоқ, жігі бар.

Толық

Асылып сен иығымнан

  • 0
  • 0

Асылып сен иығымнан,
Ішсең шампан, еркесің.
Күлемін мен миығымнан,
Шертіп сөздің келтесін.

Толық

Қарап көріңіз