Өлең, жыр, ақындар

Оққа ұшқан ақын

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 464
(М.Ю. Лермонтовтан)

Ақын өлді! – құл боп арға,
Ұшты оққа. Улады өсек.
Кек ала алмай кетті арманда,
Асқақ басын жерге төсеп!..
Төзе алмады ақын жаны
Ғайбат-жәбір қорлығына,
Қас жауынша қарсы аттанды
«Игі» топқа... Шомды қанға!
Өлді!.. Жыла, мейлің, сықта,
Ақыры үкім айтты тағдыр,
Болмас өтеді қанша мақта,
Шолақ тілде қаншама өкін!
Өле өшігіп, қуғын салған,
Батырына дарынды өнер
Өртті үрлей бәсең жанған
Ермек еткен сендер, сендер!
Сөнді шамша, дана-ғажап,
Салтанат – гүл түсті ұшып,
Шыдатпады азап, азап!
Мәз болыңдар, күлкі қусын!...
Шімірікпеді салқын жендет,
Байлады оққа... Шара бар ма!
Соқты жайбар қуыс жүрек,
Тапаншасы тайсалар ма.
Уа, бу, қай жан?.. шалғай жерден
Көп қашқынға аумай ұқсап,
Жазмыш айдап мұнда келген
Бақыт аңсап, шенді сусап.
Менмен қарап кекетті ылғи
Ғұрпын, тілін бөтен жердің,
Қайдан білсін сол бір көк ми
Кімге қолын көтергенін!..
Қанды сәтте жұмсады да оқ,
Даңқымызды ол аяған жоқ,
Рақымсыз қатал қолдан
Оққа ұшып, қаза болған –
Өзі жазған таң-тамаша –
Долы мылқау қызғаныштың
Құрбандығы жас ақынша,
Мерт болды ақын, қанға батты,
Құшағына мола тартты.
Жалындаған ерке ұланға,
Сол қауым ғой зындан болған.
Жастан сыршыл бола тұрып,
Барды екен ол неге оған?
Шырайы мол қоңырқай жұрт
Дос еді ғой еркін жанға.
Жалған сөзбен еркелеткен,
Өсекшіге пасық өңшең
Қолын неге берді екен?
Гүлді таптап, тікенек, тәж
Кигізді солар ақын жанға,
Құпия ине маңдайына әз
Кірш-кірш шаншып, қанды қанға,
Мысқыл құмар өңшең надан
Табалады ол көз жұмғанша.
Өш ала алмай өртеді арман,
Алдады үміт, амал қанша.
Тынды мәңгі әсем жыр да,
Тымық, үрей ақын көрі,
Аузынан үн шығартар ма,
Қапас көрдің қара мөрі.
Ұрпақтары аталардың
Арамдықпен аты шыққан,
Құл табандар кешегі ыққан,
Тайпаны ізгі таптап бәрін,
Қам көңіліне қаяу салдың,
Бақтың қапы тартып алдың.
«Әділет, шындық, үндеме» дер,
Заң тасасын көлеңкелеп,
Таққа үймелеп құзғын сендер –
Даңқымызға болған жендет.
Парасатқа, азаттыққа,
Жендет сендер әруақытта.
Бірақ, топас, ей, азғындар,
Тәңірім бір күн сот қуады.
Алтын көрсе жолдан шығар,
Сот ол емес, ол қырағы,
Көріп бәрін күн ілгері,
Отыр тосып ол сендерді,
Ғайбат қайтіп кәдеңе аспас, –
Шалынсаң да түгел бәрін,
Қара қаның еш жуа алмас
Қасиетті ақын қанын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана хаты

  • 0
  • 0

Анаң пақыр сағынды бек
Шалғайдағы шырағын.
Дұғай-сәлем айтады көп
Сәби кезгі түрағың.

Толық

Түз бұлағы

  • 0
  • 0

Сен мұңлысың басыңнан ел кеткенге,
Мен мұңлымын жырымды кемдеткенге.
Өжет ұлға тағдырдың тосқауылы –
Қайда жүрсем мен душар сеңді өткелге.

Толық

Мақта жыры

  • 0
  • 0

Қауашақ ашқан мақта балапандай,
Талпынар күн нұрына мейірі қанбай.
Найқалып көз тартады кең далада,
Мұхитта пайда болған жас аралдай.

Толық

Қарап көріңіз