Өлең, жыр, ақындар

Асыққан алыстағы ақша таңға

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 265
Асыққан алыстағы ақша таңға,
Сал ақшам ат шалдырмас қақсасаң да.
Қондырып аққу-айды иығына,
Салады ымырттың ол тұйығына.
Айрылған үйірінен аққу сынды –
Сыңсиды әлде қайдан «Гәкку» мұңы.
Сәулемді сағынам мен жастықтағы,
Күндерде адастырған қақтықпалы.
Ұқсаған қарау түннің тіреуіне –
Қараймын көп жұлдыздың біреуіне.
Сәулемді көрмедің бе адастырған,
Өткінші уанышқа жанастырған?
Қайран қоңыр іңірім қондырмалы,
Күйдірмеді тәнімді, тоңдырмады.
Жерге айда табиғат ғашық қылған,
Зыр жүгіртіп тәулікті асықтырған.
Айға ұмтылған пендеге бақ дари ма,
Теңім менің қайда екен, ах, дариға?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың

  • 0
  • 0

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың,
Қайдан шықтың, қайда лағып барасың?
Сар даланың саурын тіліп таспадай,
Табиғатқа тұрсың беріп жарасым.

Толық

Энциклопедия

  • 0
  • 0

Саусағымды қаусатады кейбір дос,
Ендің – деп – сен, «Энциклопедияға».
Құттықтауына, әрине, көңілім хош,
Бірақ өмірім жарты бетке сия ма?!

Толық

Жазыпсың хат өлеңмен

  • 0
  • 0

Жазыпсың хат өлеңмен
Сәбиі жырдың, шырағым!
Шыбықтай жаңқа көгерген
Бейкүнә сенің сұрағың.

Толық

Қарап көріңіз