Өлең, жыр, ақындар

Байтақ Қазақстаннан

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1135
I
Бүгін біздің байтақ дала ipeңдi,
Кешеп күн көзден кетпей тұр енді.
Даңқты жылда біздің елу төртіншi
Шықпен жуып түзге салдық түренді.
Әжімі жоқ eттi қолмен көктемді
Еге бердік қарт далаға көптенді;
Куәсіндей ерлік еңбек жеңістің
Қалып жатты ізімізде көп белгі.
Жалпақ егін —
жасыл теңіз жайқалды,
Бәлкім, солай дұшпанға да байқалды.
Желді күні толқын тұрды мұнда да,
Күннің көзi жапырақта шайқалды.
Даңқты жылы жер бетінде неше күн
Кестеледік келер eгic төсегін.
Жаңа тамыр жалғасады жаңаға,
Тарихқа бiз тапсырамыз eceбiн.
Келеді екен сипағың да сылағың,
Жаңа жердің майда қоңыр жолағын,
Қорегіне ұсынамыз бiз оның
Бойымызда күш-қуаттың бұлағын.

ІІ
Көңілдіміз. Кең тыныстап өскенбіз, —
Кең тынысты даладанбыз, төстенбіз.
Бiз айтамыз:
— Жылдағыдан жайдары
Ырыс құйып жерімізден көшкен күз.
Жақсы күздің жабылмады қабағы —
Оның толы қоймасы да табағы;
Жаңа жерден ол жинаған егіннің
Тау-тау болып қалды сары сабағы.
Дақ түсірмей елдің биік антына,
Дариядай шымырлады дән тұна,
Жазда шалқып, күзде келіп қосылды
Қазақстан даласының даңқына.
...Бүгін мұнда жаңа жерде үйіміз,
Орақ біттi; ортамызда сыйымыз:
Терезеден шалқып сауық кешіміз,
Дәнді күзге арналады биіміз.
Жаңа жерде жалынымен жас жанның
Дәнге толсын асты біздің аспанның,
Үлкен Отан, қазынаңа қабыл ал
Бай табысын байтақ Қазақстанның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Альбомнан – дәптерге

  • 0
  • 0

Достар бар-ау көрген сайын сұрасып,
Ақтаратын ақ ниеттен сыр ашып!..
Солар барда қайран сенің көңілің —
Көп асықтан алшы түскен бip асық.

Толық

Қайтсін-ау...

  • 0
  • 0

Асаулық бесті атқа жарасқан
Құрыққа құл болып кермесе.
Оған да тағдыр жоқ қарасқан,
Құлағын жұлғыштай бермесе.

Толық

Қайдан білсін

  • 0
  • 0

Meнi қайтсін,
Мен оған тең емеспін.
Құдай өзi дегендей «төмен өcciн»
Жылдан-жылға барады бойым шөгіп,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар