Өлең, жыр, ақындар

Қара ат көрдім жапанда лаға безген

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 451
Қара ат көрдім жапанда лаға безген,
Сәйгүлікке құмар ем бала кезден.
Ұлытауды кісінеп үш айналды,
Мөлт-мөлт етіп ыстық жас тана көзден.
Жоғалтты ма иесін қапияда,
Жылқы есті ғой, жуымас жат ұяға.
Шылбырынан бәз біреу ұстамақшы,
Көлденең мал – тар келмес тақияға.
Жақындатпай жануар қашқақтады,
Қасқа жолға тік салды тастақтағы.
Жарқылдады күміс ер күн көзімен,
Қарап тұрды мына әлем, қас қақпады.
Тауға шықты тоқталмай, салып-ұрып,
Қала берді бөгде жан санын ұрып.
Таңы айрылды соңынан жүгірем деп,
Бетін жыртты долдана салы құрып.
Жылқы жыным бар ма осы тегі, менің,
Сымбатына көз тоймай келіп едім.
Моласында тұр екен қара саңлақ,
Баяғыда мерт болған Едігенің.
Екі аяқтың емес ем есалаңы,
Қалқан етіп тығылдым қос обаны.
Қара жерді тарпиды тыным алмай,
Кісінейді – көңілім босағаны.
Шықты кенет Едіге моласынан,
Сипалады жалынан, жаясынан.
Басын сүйеп тұрды аты иығына,
Жас ағады көзінің аясынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Меңіреу түн

  • 0
  • 1

Меңіреу түн.
Аспанда Ай да жалғыз,
Сені ойлаумен отырмын ай жамал қыз.
Ғашықтармыз – көрмесе тұра алмайтын,

Толық

Жүрегім

  • 0
  • 0

Жүрегім
Мұң-батпанға төтемедің,
Қайтейін көрінгенді «көкеледім».
Бір күні көзім жұмып қалғанымда,

Толық

Жүреді ғой кездейсоқтау шақ қабат

  • 0
  • 0

Жүреді ғой кездейсоқтау шақ қабат,
Қолдан келсе, білеуіттер таптамақ.
«Сицилия» кафесінде сорпа ішсе,
«Мерсінде» жатқаны анық, автомат.

Толық

Қарап көріңіз