Өлең, жыр, ақындар

Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 486
Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп,
Кешші жаным, кетіппін ғой өзгеріп.
Менің милау екенімді білген де,
Жадылаған бір жылмиған көз ... көрік.
Жетек соқты!
Жетелеген шайтандар!
Аярлықпен әйел болып жайтаңдар.
Аяқ асты буырқансам бурадай,
Есімді алып, жын буғаны, байқаңдар.
Кейде – тулақ, кейде сұмдық көрігім,
Алқымынан ала түсем бөрінің.
Кей-кейлерде өзіме-өзім келгенде,
Жатам құшып сұлу қызын перінің.
Ұшып жүр ғой диюлар мен жын қабат,
Сайтан көріп әлгілерді жынданат.
Пері қызы тұрып жатыр оңаша,
Мәңгі-бақи сұлулығын бұлдап-ақ ...
Ыбылыстың арасында пендемін,
Арбауына түстім әрі көнгемін.
Құдай өзі періштесін салмаса,
Әй, әулие, қона қоймас енді емің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара суық

  • 0
  • 1

Қара суық,
Долы жел шамданады,
Жеп. Жұлынып,
Лағады маң даланы.

Толық

Жұмбақ қыз

  • 0
  • 1

Шілде кеші – шуақты, шым-шым батқан ...
Шыға келді бір ару тылсым бақтан.
Бұрымды қыз перідей. Тамсандырды,
Көз алмадым сұқтана гүл-сымбаттан.

Толық

Адам едің, аруаққа айналдың

  • 0
  • 0

Адам едің, аруаққа айналдың,
Өзіңменен жолығуға жай қалдым.
Көз шараңа мөлдіреп жас тұнды ма,
Сұлулығы бар еді ғой Айманның.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар