Өлең, жыр, ақындар

Көзіңді мұң торлап апты нілденген

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 298
Көзіңді мұң торлап апты нілденген,
Сен жалғызсың, әкең болса мүлде өлген.
Қасіретке қарсы тұрар қауқар жоқ,
Дәл осындай күн туарын білгем мен.
Өзегіңді қайнатады кек кілең,
Жүрегіңе беріш біткен тепкіден.
Нәзік едің және сондай қайсарсың,
Тағдырыңды қоса алмадың тектімен.
Сағыныштың баса алмадың сарығын,
Мүдуарсың, түсінемін, жарығым.
Жөніменен жолықтырса жақсыны,
Сияр еңдер қауызына тарының.
Әттең, әттең таусылғаны қайланың,
Ақыл азған, әрі-сәрі жайдамын.
Беттің әрі – бастың соры екен ғой,
Талайлардың көз жанарын байладың.
Жалғыздығың жасытады, жаман-ақ,
Сөзге әуестер күндер бәлкім, табалап.
Сен жыласаң ыстық жасқа тұншығып,
Есігіңді күзетеді абалақ.
Ілініпті кірпігіңе мұң батпан,
Жүрегіңе қатқан екен шындап қан.
Өміріңе салып кетті өз ізін,
Алай-түлей буырқанған жынды ақпан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы

  • 0
  • 0

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы,
Шырға тартып аштырмай қарымымды.
Көздің жасын шыра етіп шүпілдетем,
Сағыныштан баса алмай сарығымды.

Толық

Қалғандай бір аз ғұмырым шілделік

  • 0
  • 1

Қалғандай бір аз ғұмырым шілделік,
Жастық өтті.
Қалай өтті?
Білмедік!

Толық

Жыл басы

  • 0
  • 0

Орман іші жаныңа дем береді,
Жайдарлы шақ адамға ең – керегі.
Сыр тартады кіл ағаш,
Ал ұйқыда,

Толық

Қарап көріңіз