Өлең, жыр, ақындар

Үлбіреген үстіңде көне көйлек

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 607
Үлбіреген үстіңде көне көйлек,
Сұлулықты тұрғаны көлегейлеп.
Қос анардың ұшында барқын дағын,
Сипап өттім жабысқан кене ғой деп.
Ыршып түсті елік-көз періште қыз,
Кінәлаңыз менікін «теріс» деңіз.
Бетін басып қашқаны құйын-перен,
Жан ұшырып келеміз еңісте біз.
Жете алмадым созғанмен қолымды мың,
«Неге қатты боп кеткен жолым бүгін?»
Арам ойдың жүзеге асуына,
Бір септігі тигені тобылғының.
Сүрінді қыз кенеттен шалынды да,
Ерен жүрек есірген – жалын жүдә.
Елемедім, ештеме көре алмадым,
Жылады ма, бейшара, жалынды ма?
Быт-шыт еттім ғаламның тымық күнін,
Бармақ тістеп өкіндім, құмықты үнім.
Құрсын бүйткен есерсоқ жігіттігім,
Лайладым біреудің тұнықтығын.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Тәмсіл, тәмсіл сөз айттың

  • 0
  • 1

Тәмсіл, тәмсіл сөз айттың –
Талықсыдым,
Сүйем сені, періштем, анық шыным.
Махаббатым – мұзарт тау,

Толық

Оқиға

  • 0
  • 0

Ұя салды қарлығаш қабырғаға,
Селт етпеді
Үйдегі дабырға да.
Үркітпедік,

Толық

Шырылдама бекерге, шыбын жаным

  • 0
  • 0

Шырылдама бекерге, шыбын жаным,
Керегі жоқ кеудеме тығылғаның.
Сүлдерімді сүйреттің сүріндіріп,
Алып жүрген арқалап жүгің мәлім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар