Өлең, жыр, ақындар

Көкпар десе...

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 406
Көкпар жайлы айтқан сайын жетілем,
Ат үстінде азамат боп бекігем.
Желдей естім жарыстарда көппенен,
Жүйрік міндім аса бере жетіден.
Жөңкілетін ауылымның еркегі,
Тартысқанмын тақымға сап серкені.
Ұйлығысқан кіретінбіз додаға,
Ұлы дүбір кернеуші еді өлкені...
Сонан бір сәт жұлып шығып бір мықты,
Тебінді де тепсең асып сырғытты.
Қамшы басып қалғандары лап қойып,
Сынаушы еді сәйгүлік пен жүйрікті.
Жетуші едім ағамызға жандасып,
Сирағынан сілкіп тартып жармасып.
Қаракердің ірке ұстап тізгінін,
Әкетуші ек көк серкені алмасып.
Қия беттер қаншалаған қалды тік,
Шұңқырлардан қамшы басып қарғытып.
Мені қуып келе жатқан көп кісі,
Айқайлаушы ед арт жағымнан шаң жұтып.
Жүйрік беріп тақымыма төселген,
Әкем мені кем еткен жоқ осы елден.
Қымыз ішіп Ханжайлауда кесеммен,
Кеңес тындап отырушы ем шешеннен.
Арман қуып кеткенімше қалаға,
Ілестірді нағашым зор нар-аға.
Ат үстінде қалыптастым Қазақ боп,
Айнымастай тарттым тарих – далама...
Жүйткіп жүрдім кіп-кішкентай жаста тым,
Шынықтырдым кемелденер нақ сәтін.
Көкпар тартып өскен ұрпақ болған соң,
Алдыға озып кету – менің мақсатым.
Ізім қалды көк шалғын мен қардағы,
Құмар шіркін сонда да бір қанбады.
Қазақтығым аяқ жетпес алыста,
Алматыда жаяу жүріп қалғалы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аллаһты сүй

  • 0
  • 0

«Аллаһу әкпар,
Аллаһу әкпар» – ұраным,
Қайта туғыздың, қасиетті ұлы Құраным!
Жалған біліммен

Толық

Иман күзетші

  • 0
  • 0

Періштем – қатал тергеушім,
Әзәзіл – алдар жақтаушым.
Менмендік – құртар көрнеу сұм,
Сабырым ғана – сақтаушым.

Толық

Бәрі де қалады

  • 0
  • 0

Қалады думан дүние,
Білдірмей уақыт ұрлаған.
Қалады
сарай, тағың да,

Толық

Қарап көріңіз