Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 936
Жапырақ жайып бар ағаш,
Шымданып, дала түрленді.
Мың түсті гүлдер аралас,
Ғажайып күткен күн келді.
Нұр болып жауған жаңбырдан,
Жасарып кетті жер беті.
Балауса майса балдырған,
Қызғалдақ дала келбеті.
Мөлдіреп ауа сүзілген,
Бұлттарым мамық, мақтадай.
Аспанда тырна тізілген,
Жарқырап атқан ақ таң-ай!
Көктемім ғажап биылғы,
Көкірегімді кеңіткен,
Жүрекке шуақ құйылды,
Қалсашы сондай көрікпен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерім менің мойныма кете берді

  • 0
  • 0

Ерім менің мойныма кете берді,
Көп көріп ем көктемде көтеремді.
Сүйеу көрмей сүреңсіз тіршілігім,
Бір жығылып, бір тұрып өте берді.

Толық

Айтасың айналам деп озық елге

  • 0
  • 0

Айтасың айналам деп озық елге,
Қарайсың мойыныңды созып өрге.
Ақшамен өлшене ме дәрменіміз?
Кетпейік тоғытылып тозық «еңге!»

Толық

Жылағым келді...

  • 0
  • 0

Жаңа жылға да беттеп барамыз,
Оқиғаларға көптеп қанамыз.
Адам ретінде «не бітірдім?» деп,
Өткен күндерге ептеп қараңыз!

Толық

Қарап көріңіз