Өлең, жыр, ақындар

Жексұрын болдым

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 320
Жексұрын болдым,
Жұмысқа тұрақтамадым,
Бұзып шыға алмастан сұрақ қамалын.
«Азғын әке» атағын арқалап алып,
Төмендеп жүзім,
Солқылдап жылап барамын.
Маған деген қуаныш – жабылып есік,
Кеудемдегі алаулы жалыным өшіп.
Дәл жүректің тұсынан қадалды шаншу
Өкпек желі тағдырдың қағынып есіп.
Жүрген жері, бұрынғы төбелес, ілік,
Сөйлей алмас дұшпаным төбеге шығып,
Қайда барсам қарсы алды Қорқыттың көрі,
Уықтарым үзіліп, кереге сынып.
Барады көкте тырналар – мөлиіп тізбек,
Көктемім өшті тым ерте көк иық күз кеп.
Ғайып ерен –
Қырық шілтен қолдай гөр өзің,
Бәрін де тастап кетейін Жерұйықты іздеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талықсытып талдырып

  • 0
  • 0

Талықсытып талдырып,
Демді жиі алдырып,
Дүниеде жоқ қылып,
Тіршілікте бар қылып.

Толық

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн

  • 0
  • 0

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн,
Қара қазанның түп күйесіндей қарайдым.
Тізерлеп тұрып қолымды жайып аспанға,
Өзімді өзім жұлып жеп иттей талаймын.

Толық

Атилла (Еділ)

  • 0
  • 0

Айбыны асқан Атилла,
Қыпшақтарды ел еткен,
Көшпенділер көсемі,
Керегесін кең еткен.

Толық

Қарап көріңіз