Өлең, жыр, ақындар

Ештеңеге көңілім тұрақтамай

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 347
Ештеңеге көңілім тұрақтамай,
Сезімімнің елігі лақтамай.
Қызықтырмай жүр мені көктемдегі
Бүршігінен бал тамған шуақ маңай.
Ештеңем де қалмады бүлінбеген,
Кім боп шығар екенмін түбінде мен?
Сырымды білген жанның көздеріне
Дардай ісім шіркейдей ілінбеген.
Жұбанышым бар менің басқа неңнен,
Аумай қалам кей-кейде тас кереңнен.
Өткен күннің күйесі кетпес деймін,
Өзге өмірді қайтадан бастағанмен.
Атым шығып келеді дәуірлегім,
Бет алысым – көкжиек,
Тәуір дедім.
Кей түндерде кірпігім айқаспайды,
Қайткенменен тағдырым ауыр менің!
Толтыра алмай қойды ғой ортамды әзіл,
Басым батпан,
Көтертпес арқамда зіл.
Осал жерден бір күні оқ қадалып,
Шейіт кетер жандай-ақ қорқам қазір.
Қапырық боп мен үшін барлық алаң,
Шыққанымда биік деп,
Жар құлаған.
Миясынан тазартып бидай жанды,
Қай құдірет қайтарар арды маған?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балаш апа

  • 0
  • 0

Жетім кемпір бір өзі қой бағатын,
Жетім тамды жеті рет айналатын.
Сырқыраған тізесін шандып байлап,
Күбір-күбір сөйлейтін, ойланатын.

Толық

Тұмар ханым

  • 0
  • 1

Нені «айтпайды» Қаратау,
Салып көрсең зердеге.
«Қара шаңырақ» деп атап,
Қадірлеген ел неге?

Толық

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым

  • 0
  • 0

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым,
Ешкімге сенбей, сендерді ғана тыңдадым.
Иілсем-дағы боранның тұрып өтінде,
Сынбадым,

Толық

Қарап көріңіз