Өлең, жыр, ақындар

Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1009
Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып,
Өзге нәрсе жұтқан ба ақылымды анық.
Күлігіме қамшыны баса алмай келем,
Мұнша жерге келіп ем тақымым талып.
Ойлау жерден орғытып ойқастап едім,
Ойлыларға тәп-тәуір ой тастап едім.
Бәдізделіп қалды деп масайрап жүрдім,
Қазығұрттың белінде, қойтаста мөрім.
Ол бір кезде жағам да жайлауда болған,
Мыңғырған мал да көп еді қойнауда толған.
Ал бүгінде нан іздеп құмырсқа болдым,
Күнім дағы күн емес айдаудан әрман.
Тойларға бардым жалданып тиын-тебенге,
Парық та алмай мендегі құйынды өлеңде.
Бес теңгені малданып көңіл жайладым,
Толып кетсе де шаншыған миым тебенге.
Жаяулатып тойдан соң үйге беттедім,
Солығын басып самалмен күйген өкпенің.
Той берген жанның «Джипі» қағып кетердей
Шаң қаптырды тәнімнің сүйрелеп көнін.
Тойдағы жұмақ жоғалып, көшеде қалдым,
Қалың да қалың қайғымды еселеп алдым.
Ақын едім, бүгінде байға жалданып,
Шарап толы ақымды кеседен алдым.
Қайран өлең менімен қоштаса жаздап,
Көкіректегі шеріммен астаса қоздап,
Қолымды сілтеп бәріне тұңғиық сүңгіп,
Қайта іздедім жырымды басқаша боздап.
Жарамады-ау жүргенім мақұрым қалып,
Жырға айналды тағы да ақының анық.
«Нан бола ма өлеңің өліп-өшкенде»,
Деп жүрмесе болғаны қатыным налып...

11. 08. 2008.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жайым мәлім болды

  • 0
  • 0

Менің жайым мәлім болды,
Сенің қалтаң қалың болды.
Қорғайтыным арым болды,
Ал тергеуші залым болды.

Толық

Мінәжат

  • 0
  • 0

Ей, Есім хан, Абылай ояныңдар, тұрыңдар,
Сахилықтың жолында күйдіреді ұлыңды ар.
Тірілерден бір қайыр болмаған соң дорба алып,
Қол сілтедім тірлікке ертең жоқ та, бүгін бар.

Толық

Түркістан

  • 0
  • 0

Ордабасы ордалы,
Темірланның жерінде,
Қозы ойнаған көгінде,
Лағы тасқа секіріп,

Толық

Қарап көріңіз