Өлең, жыр, ақындар

Тезірек кел, күткен ой

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Тезірек кел, күткен ой,
нүктемен бітті біткен ой.
Ғасыр — ұзақ сөйлем де,
мықты азамат — нүкте ғой,
Сөйлем көп қой,
не тірлік:
сөйлем талдап жетілдік.
Көп сөйлемде үтір бар,
нүктесі жоқ секілді.
Сөйле, Уақыт, күткен ер,
сөйле, саған бітті өнер.
жаңа, жаңа сөйлем бер,
жаңа, жаңа нүкте бер!
Мөлдір, мөлдір, мөлдір кіл
шық төніп тұр, тамбай тұр.
Төніп-ақ тұр, төндіртіп
бір сөз айтшы алдайтын.
Мөлдір, мөлдір, көк мөлдір
шындық болып көмейін,
Шық секілді мөп-мөлдір
бір сөз айтшы — сенейін.
Тамба, тамшы, бірің де
дірілде тек, шүпір-шық.
Тамшы шықтай дірілдеп
бір сөз айт та бітірші.
Қаталдық та сезім бе?
бір тамшы шық жақұттай,
Көрінсе егер көзіңнен —
Мен өлер ем бақыттан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатау ақ кеуде, ай-құлып

  • 0
  • 0

Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.

Толық

Аярлық оймен, не зілмен

  • 0
  • 0

Аярлық оймен, не зілмен
айтылған емес бекер бұл:
Кемшілік көрсем өзімнен
өзгені сыйлайды екенмін.

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Оқып жүрген кезім еді мектепте.
Салық қария қыңыр да еді, көк бет те:
— Құдай бар ма,— деді ұстап aп,
жігіт болсаң сен ойлы,

Толық

Қарап көріңіз