Өлең, жыр, ақындар

Өткен күннiң есте қалар қай күнi

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 315
Өткен күннiң есте қалар қай күнi,
Аққудың да суалмай ма айдыны?
Төлегенше кiм сүйедi Жiбектi?
Мəжнүн болып кiм iздейдi Лəйлiнi?
Бұлбұл қайтсiн жадау-жүдеу жат бақты?
Кiм өмiрден басыбайлы бақ тапты?..
Таңдай қағып Ақан серi айтпаса,
Əнге айналып кетер ме едi Ақтоқты?!
Кiм арманда,
Кiм шерменде жалғанда?
Сұлулыққа арбалмайтын жан бар ма?!
У мен зəрiн ұсынбаса қу дүние,
Шекең шылқып шербетке əсте қанған ба?..
Кiм аймалап,
Кiмдер менi баурады?
Жалғыздықтан жаным қанша жаурады?..
Адам қайта қуана ма жасарып,
Заман қайта туа ала ма Лаураны?
...Маған да бiр керек едi Мадонна,
Таба алмасам тағдырға мiн тағам ба?
Маңдайыма жазылған бiр Махаббат
Бəлкiм, бəлкiм, жүрген шығар араңда...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ару

  • 0
  • 0

Бұрала басып ырғал да,
Бұрымға байла еркімді.
Қозғала алмай тұрғанда,
Қоздырып кетші дертімді!

Толық

Өлара

  • 0
  • 0

Менен жыр,
Сенен жаңбыр тоқтағалы
Көңілім көк жүзіне көп қарады.
Көзінде көк аспанның шөкім бұлт жоқ,

Толық

Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей

  • 0
  • 0

Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей,
Енжайлауда желкiлдеп өскен көктей
Елп еткенiн қайтейiн етегiңнiң,
Естен кетпей қойдың-ау, естен кетпей!..

Толық

Қарап көріңіз