Өлең, жыр, ақындар

Тілек

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 500
Көңiл шiркiн бəйтеректей көк тiреп,
Өн бойыма от тамызып өттi леп...
Сағынғанда,
Самалға мұң шақпай-ақ,
Саған, жаным, айтар едiм көп тiлек.
Бiлдiрейiн сол тiлектiң бiрiн мен
Жүрегiмдi жайлап алған дiрiлмен.
Жалғыз тамшың болсам еттi мен сенiң
Iлуде бiр кiрпiгiңе iлiнген.
Аңсап, шаршап, таусылғанда айла-амал,
Ақ жүзiңдi көрсем деймiн айнадан.
Жан шуағың болсам еттi мен сенiң.
Жаз күнiндей жанарыңда жайнаған.
Көбелектей жарық шамға ұрынған
Жалғыз сен деп шырылдайды шыбын жан.
Жан серiгiң болсам еттi мен сенiң
Құлдық ұрып құбылаңа жығылған?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаңқай түс

  • 0
  • 0

Діңкесін қорқақ қоян белде құртып,
Көз салды көктен сонау көлге бүркіт.
Көбелек қонатұғын гүл таба алмай,
Ебелек сайға қашты желден үркіп.

Толық

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты

  • 0
  • 0

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты.
Салтанат – сағындырған қалқам аты.
Мақпалдай майдақоңыр мінезі бар,
Жарасқан жамалына мархабаты.

Толық

Əкелші

  • 0
  • 0

Əкелші,
ақ жүзіңді мен сүйейін,
Тамсанып: «Тағы, тағы келші» – дейін.
Өмір бойы көркіңді көзім керіп,

Толық

Қарап көріңіз